Жаңалықтар

20.06.2023

ЕАЭО аумағынан киттерді, дельфиндерді және теңіз шошқаларын әкетуге тыйым салынады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан киттәрізділер отрядының сүтқоректілерінің бірқатар түрлерін әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Тиісті өзгерістер ЕЭК Алқасының «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілді.

   

«Комиссия қазіргі сын-қатерлерге шұғыл ден қояды және ЕАЭО елдерінде қоршаған ортаны қорғауға және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің популяциясын сақтауға бағытталған қадамдар жасайды. Бұл жағдайда біз киттер, дельфиндер және теңіз шошқалары туралы айтып отырмыз», - деп атап өтті ЕЭК кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Ол қазіргі уақытта кит тәрізділерді әкету Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін рұқсат (сертификат) негізінде жүзеге асырылатынын түсіндірді. Алайда, қолданыстағы тәртіп жануарлар әлемінің аталған объектілерінің сақталуын бақылауды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

ЕЭК алқасы қабылдаған шешім бірнеше жыл бұрын болған және ғылыми-ағартушылық мақсатта кит тәрізділерді аулап, жануарларды шетелдік океанариумдарға сатқысы келген «кит түрмесі» деген атқа ие болған жағдайлардың қайталанбауына мүмкіндік береді.

 

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.