Жаңалықтар

07.10.2022 (Обновлено: 01.11.2022 12:03)

Салымшылардың құқықтарын қорғау - ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру басымдықтарының бірі

ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры Арман Хачатрян бұл туралы 6-7 қазанда Ереванда өткен ЕАЭО аумағында банк салымдарын сақтандыру, кредиттік ұйымдардың таратылуы, қаржылық сауықтырылуы және банкроттығы саласындағы сарапшылық топтың отырысында мәлімдеді.


ЕЭК департаменті директорының сөзінше, сарапшылық топтың қызметі кезінде айтарлықтай жұмыс көлемі атқарылды және салымдарды сақтандыру саласындағы заңнаманы үндестірудің бірқатар мәселелері бойынша келісуге қол жеткізілді. "Өткен айдың басында Комиссия ЕАЭО елдерінің ұлттың банктерінің атына осы топ әзірлеген 15 сарапшылық қорытындыны жіберді",- деп атап өтті Аркадий Хачатрян.

ЕЭК департаментінің директоры өткен жылы ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру үшін ЕАЭО шеңберінде кредиттік тарихтар құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісім жасасылғанын еске салып өтті. Қазір құжатты сарапшылар іске асыруда.

"Өткен аптада Одақ елдерінің атына мемлекетішілік келісуге ЕАЭО елдерінде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздардың орналастырылуына және айналысына трансшекаралық рұқсат беру туралы келісімнің жобасы жіберілді. Алдағы уақытта депозиттерге кепілдік беру бойынша да ортақ қаржы нарығын құру мақсатында нақты үндестірілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі деп күтудеміз",- деп атап көрсетті ол.

 

Анықтама

Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы ЕАЭО аумағында банк салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдік беру), кредиттік ұйымдардың таратылуы, қаржылық сауықтырылуы және банкроттығы саласындағы заңнаманы үндестіру мәселелері жөніндегі сарапшылық топ 2019 жылғы 2 қазанда Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің шешімімен құрылды.

Сарапшылық топ жұмысының негізгі мақсаттары: ЕАЭО елдерінің заңнамасын және осы салалардағы үздік халықаралық тәжірибелерді талдау, сондай-ақ ұлттық реттеушілердің қарауы үшін заңнаманы үндестіру бойынша ұсыныстар дайындау.