Жаңылыктар

27.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 14:21)

ЕАЭО албырт тұқымдас балық жемінің жекелеген түрлеріне арналған кедендік бажды азайтты

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы балық жемінің жекелеген түрлеріне арналған кедендік әкелу бажын 5%-дан 3%-ға дейін азайтты. Шара қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын болады.

«Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде албырт тұқымдас балықты өнеркәсіптік өсіру көлемін арттыруға, сондай-ақ акваөсіру өнімі өндірісін дамытуға бағытталған»,- деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу   департаментінің директоры Ваагн Казарян.
 

Ол Комиссия Алқасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 8 ұсынымына сәйкес ЕАЭО-ға балық аулау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуды қозғайтын акваөсіру саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ балық үшін арнайы жем өндіру жөніндегі қуаттарды құру мен дамыту ұсынылғанын да еске салды.

 

Балық жемінің жекелеген түрлеріне арналған кедендік әкелу бажының ставкасын азайту туралы шешім 2022 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.