Жаңылыктар

27.08.2021

ЕАЭО-ның сыртқы сауда көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусымда 24,5% өсті

ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусымда 24,5% өсіп, 371,1 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспорт та, импорт та төрттің біріндей артты. ЕАЭО-дан тыс елдермен сауданың баға жағдайлары экспортталатын тауарлар мен импорт бойынша сатып алынатын тауарлар бағасының қолайлы арақатынасымен (баға жағдайларының индексі - 121,3%) сипатталады.

ЕАЭО-дан экспортталатын тауарлардың негізгі сатып алушылары Еуропалық одақтың (олардың үлесі экспорттық жеткізілімдердің 42%-ын құрайды) және АТЫҰ (29,4%) елдері болып табылады. Одақ нарығына өнім импорттайтын елдер арасынан Қытай мен Германия көшбасында.

ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестері бойынша сыртқы сауда туралы деректері, сыртқы сауда көлемінің серпіні, ЕАЭО-дан тыс елдермен экспорттың және импорттың тауарлық құрылымы, сыртқы сауда көрсеткіштеріндегі ЕАЭО мемлекеттерінің үлес салмағы Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің талдамалы шолуында ұсынылған.