Жаңылыктар

30.11.2021 (Обновлено: 31.03.2022 17:05)

Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарға қойылатын талаптарды белгілейтін ЕАЭО техникалық регламентіне стандарттар тізбесі бекітілді

Ерікті қолданылатын стандарттар тізбесіне 29 мемлекетаралық стандарт және Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының 32 ұлттық стандарты кірістірілген, олардың 16-сы ИСО халықаралық стандарттары негізінде, 2 стандарт EN өңірлік стандарттары негізінде әзірленген. Сынау әдістеріне арналған тізбе 24 мемлекетаралық стандартты және Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының 49 ұлттық стандартын қамтиды, олардың 10-ы ИСО халықаралық стандарттары негізінде және 10 стандарт EN және ASTM өңірлік стандарттары негізінде әзірленген.

Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды тізбеге кірістірілген стандарттарға аккредиттеуді қамтамасыз ету мақсатында стандарттар тізбесі ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап 180 күн өткен соң күшіне енеді деп айқындалған.

Бұл стандарттарды толық шамасында қолдану техрегламенттің талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.