Жаңалықтар

25.01.2023 (Обновлено: 31.01.2023 10:07)

ЕЭК тұсқағаз өндірісінің полимеріне арналған әкелу бажын бір жылға нөлге түсірді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тұсқағаз өндірісінің илемделген поливинилхлоридіне арналған кедендік әкелу бажының ставкасын қоса алғанда 2024 жылғы 29 ақпанға дейін уақытша нөлге түсіру туралы шешім қабылдады. Аталған тауарға арналған ЕАЭО БКТ-ның қолданыстағы ставкасы 6,5% құрайды.

"Полимер қағазға және тінсіз кенеп матаға (флизелин) ротациялық-трафаретті басып шығару әдісімен басып шығаруға арналған және қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қажетті көлемде өндірілмейді", — деп түсіндіріп өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Оның сөзінше, бірқатар елге қатысты сыртқы санкциялар жағдайында кедендік-тарифтік реттеудің қабылданған шарасы ішкі нарықта тұсқағаз өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама

Комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 47 және 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 97 шешімдеріне сәйкес қаралып отырған тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасы бұдан бұрын 2017 жылғы 14 қазаннан бастап қоса алғанда 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылды.