Жаңалықтар

25.09.2023

Михаил Мясникович ЕАЭО-ның машина жасау саласының өсуі мен дамуын атап өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович бұл туралы Беларусь Республикасының машина жасаушылар күні шеңберінде мәлімдеді.

"Сала кәсіпорындары санкциялық қысым жағдайында тап болған қиындықтарға қарамастан, тұтастай алғанда сала осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша 12,4% өсті. Осы ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығару көлемінің ұлғаюы 6,1%, ал жалпы өнеркәсіп бойынша 2,8% құрады, бұл машина жасаудағы өндіріс көлемінің озыңқы өсуін және өнеркәсіптік интеграцияның қолда бар әлеуетін көрсетеді", - деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Михаил Мясникович атап көрсеткендей, бүгінгі Беларусь - тек ТМД мемлекеттеріне ғана емес, сонымен қатар бірқатар үшінші елдерге де егін жинау техникасын, тракторларды, станоктарды және басқа да арнайы техниканы негізгі жеткізушілердің бірі.

"МАЗ", "БелАЗ," "Атлант", "Гомсельмаш", Минск трактор және мотор зауыттары, Могилев лифт машина жасау зауыты – бұл өнімдері ЕАЭО нарығында ғана емес, сонымен қатар әлемдік нарықтардағы шетелдік аналогтармен ойдағыдай бәсекелесе алатын, өндірістік және экономикалық көрсеткіштері бойынша көбінесе олардан асып түсетін сартап брендтер. 

Машина жасаушылар күні шеңберінде өткен көрмеде Беларусь кәсіпорындары пилотсыз трактор, "МАЗ" қазіргі заманғы автомобиль техникасының желісі, "Атлант" және "Витязь" тұрмыстық техникасы сияқты техниканың бірнеше инновациялық моделін көрсетті.

ЕЭК Алқасының Төрағасы саланың қызметкерлері мен ардагерлерінің жоғары кәсіби шеберлігі мен іске деген жауапкершілігін атап өте келіп, оларға жеңіл түспейтін әрі адал еңбектері үшін шынайы алғысын білдіріп, Еуразиялық экономикалық комиссия атынан ескерткіш наградалар тапсырды. Михаил Мясниковичтің сөзінше, бұл сапалық қасиеттер белорус өндірісшілеріне ЕАЭО елдерінің машина жасау кешенін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.