Նորություններ

08.10.2021 (Обновлено: 16.02.2022 11:17)

Максат Мамытканов Ресейдің бизнес-қауымдастықтарымен ЕАЭО-дағы бірыңғай кедендік реттеу мәселелерін талқылады

7 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамыткановтың Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының, Сауда-өнеркәсіп палатасының, «Іскер Ресей» және «Ресей тірегі» өкілдерімен кездесуі болып өтті. Кездесуге қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында құқық қолдану практикасын және ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулер енізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қадамдастыру мәселелерін, Одақта навигациялық пломбаларды қолдану перспективаларын, тиімді кедендік бақылау мен бизнестің мүдделерін сақтау арақатынасының механизмдерін, сондай-ақ кеден саласындағы цифрландыруды талқылады.

Бизнестің бірінші кезекте Бресттен Владивостокқа дейін кеденмен жұмыстың бірыңғай қағидалары есебінен қамтамасыз етілетін еркін бәсекелестікке мүдделі екені атап өтілді.
Кеңеске қатысушылар Комиссияның кеден блогы алаңында сарапшылық топтар форматындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына да назар аударды және ЕАЭО Кеден кодексімен жұмыс істеген уақыттан бері қалыптасқан сындарлы диалогты жалғастыруға дайындықты растады.
«Біздің негізгі міндетіміз – интеграциялық процестердің дамуына және барлық бес елдің кеден қызметтері жұмысының бірыңғай практикасын қамтамасыз етуге ықпал ететін нормативтік-құқықтық ахуал жасау»,-деп атап көрсетті Максат Мамытканов.