Նորություններ

29.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 16:35)

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдерінде роумингтің күшін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде әділетті тарифтерді ендіру жөніндегі жоспарды бекітті. Құжат 2019 жылғы қазанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин білдірген бастаманы орындау шеңберінде дайындалған. Жоспармен жұмыс істеуге мемлекеттік органдармен қатар, Одақ елдерінің ұялы байланыс операторлары белсене қатысты. Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы ЕАЭО елдерінің байланыс саласындағы заңнамасына шолу жүргізді, роумингтің күшін жоюдың әлемдік, соның ішінде өңірлік интеграциялық бірлестіктердің (Еуропалық одақ, Анд қоғамдастығы, НАФТА, Батыс Африка одағы және басқа) тәжірибесін зерделеді.

ЕЭК министрі Арман Шаққалиевтың сөзінше, тілдесім еркіндігі – Еуразиялық жобаның төрт еркіндігін іске асырудың түйінді негіздерінің бірі. Интеграциялық бірлестіктер бүкіл әлемде роумингтегі байланыс көрсетілетін қызметтерінің жоғары тарифтерінен өздерінің тілдесімін шектеуге мәжбүр болып отырған тұтынушыларды интеграциялық кеңістік шегіндегі кемсітуді жоюға ұмтылады.

«Біз ЕАЭО мемлекеттері аумағында роумингте көрсетілетін ұялы байланыс қызметтеріне баға белгілеуге талдау жүргіздік, алаяқтықпен байланысты ықтимал тәуекелдерді зерделедік, роуминг тарифтерін «үйдегі» тарифтерге барынша жақындату мүмкіндігін бағаладық»,- деп Арман Шаққалиев құжатпен жұмыс істеу барысына түсіндірме жасады.

Жоспардың іс-шаралары алаяқтықты алдын ала ескертуге, анықтауға және жолын кесуге, халықаралық роуминг трафигін өткізу кезінде байланыс операторларының тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, байланыс операторларының желілері арасында тікелей түйісуді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауға және басқаларға бағытталған кешенді шараларды өзіне кірістіреді. Бұдан өзге, жоспарда өзіне соның ішінде тарифтеу қадамдарын және роумингте байланыс қызметтерін көрсетудің әділетті тарифтері бойынша ең жоғары көлемді (кезеңді) кірістіретін әділетті тарифтерді адал пайдалану қағидаларын әзірлеу көзделген.

Комиссия жоспар бойынша іс-шаралардың орындалу мониторингін жүзеге асырады. Олар толық іске асырылғаннан кейін ЕЭК Алқасы роумингте «үйдегі» тарифке барынша жақындатылған тарифке 2025 жылдан бастап көшуге бағытталған ЕАЭО елдерінің ұялы операторлары үшін бірқатар ұсынымдар қабылдайды.