Նորություններ

14.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 17:34)

ЕАЭО-да жаңа технологиялық платформа құру туралы уағдаласты

14 қыркүйекте ЕЭК Кеңесі эфир майлы және дәрілік өсімдіктерді өндіру, өңдеу және қолдану саласындағы Еуразиялық технологиялық платформаны бекітті.


Платформаның құрылтайшылары - «Солтүстік Кавказ федералдық ғылыми аграрлық орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі (Ресей Федерациясы), «Армян тағамдық ғылымдар мен технологиялар қоғамы» үкіметтік емес ұйымы (Армения Республикасы), И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы (Қырғыз Республикасы) болды.

«Бұл технологиялық платформаны іске қосу эфир майлы өнім мен дәрілік шикізат өндірісін айтарлықтай арттыруға және бірқатар жағдайларда қымбат тұратын импорттық өнімге алмастырғыш табуға мүмкіндік береді. Тұтынушылардың импортқа тәуелділігін азайта отырып, эфир майлы шикізатты өңдеу өнімдерінің және дәрілік құралдардың өзіндік нарығын қалыптастыруға, сондай-ақ ЕАЭО кеңістігінде жаңа өндірістік-кооперациялық тізбектер құруға мүмкіндік туады»,- деп әңгімеледі ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

Эфир майлы және дәрілік өсімдіктерді өндіру, өңдеу және қолдану саласындағы технологиялық платформа саны жағынан Одақтағы 17-інші болды және тұтастай бірқатар міндетті шешуге бағытталған. Бұл - эфир майлы және дәрілік өсімдіктердің генетикалық және биохимиялық негіздерін зерттеу; жаңа эфир майлы және дәрілік өсімдіктердің селекциясы, интродукциясы, олардың сериялы өндірісін және бастапқы өңделуін ұйымдастыру; агротехнологиялық, тәжірибелік-конструкторлық, тәжірибелік-эксперименталдық, жобалық жұмыстар; қазіргі заманғы биотехнологияларды пайдалана отырып, элиталық тұқымдық материал мен көшеттер өндірісін ұймдастыру; тұқымдар мен отырғызу материалы банкін құру; эфир майлы және дәрілік өсімдіктерді өсіруге арналған мамандандырылған машиналар мен оларды өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі; тамақ, фармацевтика, косметика, ликер-арақ, лак-бояу және басқа өнеркәсіпте эфир майлы және дәрілік өсімдіктерді өнеркәсіптік қолдану технологияларын ендіру.