Նորություններ

13.10.2021 (Обновлено: 16.02.2022 14:40)

ЕАЭО-да трансшекаралық электрондық сауданы салықтық және кедендік реттеуге қатысты тәсілдемелер тұжырымдалады

13 қазанда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев, Беларусь Республикасының Салықтар мен алымдар министрі Сергей Наливайко және Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Владимир Орловский жұмыс кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің трансшекаралық саудасы кезінде ҚҚС-тың нөлдік ставкасын растау тәсілдемелерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

ЕЭК министрі Руслан Бекетаев ЕАЭО елдерінде трансшекаралық электрондық сауданы салықтық реттеуге қатысты бірыңғай тәсілдемелер тұжырымдаудың және тауарлардың электрондық саудасы кезінде интернет-алаңдарға жанама салық салу қағидаттарын келісудің қажеттігін атап өтті.

Тараптар Беларусь Республикасы іске асырып жатқан қадағалап отырудың ұлттық жүйесін де талқылады, оның басты міндеті - тауарлардың Одақ ішіндегі орын ауыстыруы кезінде олардың айналымының заңдылығын растау, сондай-ақ навигациялық пломбаларды қолдану және Tax-Free бірыңғай жүйесін құру болып табылады.