тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Кедендік ынтымақтастық
Давыдов Руслан
Валентинович
Кедендік инфрақұрылым департаменті
Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті
тақырыбы бойынша жаңалықтар «Кедендік ынтымақтастық»
08 шілденің 2025
ЕЭК Кеңесінің шешімі құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялықпломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалап отыруүшін осындай пломбалар қолданылатын тауарлардың қосымша санаттарын айқындау туралы шешім қабылдады. Аталған Келісім күшіне енді. ЕАЭО елдері тасымалдарды қадағалап отырудыіске қосу үшін қажетті іс-шараларды аяқтайды, Комиссия содан кейін тиісті шешім қабылдайды. Ұсынылып отырған бұл реттеу құрамында никотин бар өнімдерге, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0, 2939 80 000 0 тауар позицияларында сыныпталатын, Одақ аумағынанэкспорттың кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігіменәкетілетін никотин шикізатына қатысты болады. Бұл тауарларды қадағалап отыруКелісімге сәйкес тасымалдауды қадағалап отырудың бірінші кезеңінен басталады. ЕЭК Кеңесінің шешімі кәсіпкерлердің Комиссияның сарапшы тобының жұмысына тікелей қатысуы кезіндегіұсыныстары негізінде дайындалды. Оны іске асыру ЕАЭО-да құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
02 шілденің 2025
ЕЭК-те ЕАЭО аясында темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Еуразиялық экономикалық одақ аумағында заңсыз темекі өнімдерінің әкелінуі мен айналымына қарсы күрес жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы 2 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың қатысуымен өтті. Жұмыс тобы осы жылдың наурыз айында Комиссияның Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің жанынан құрылды. Оның құрамына 80-нен астам мүше кірді, олардың жартысы жұмыс тобын құруға бастамашы болған бизнес-қоғамдастық өкілдері. Өткен отырыста ЕАЭО кеңістігіндегі темекі және құрамында никотин бар өнімдер нарығының жай-күйі, осы саладағы заңсыз айналымның үрдістері мен динамикасы, сондай-ақ аталған өнімді автомобильмен тасымалдануын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану тәжірибесі талқыланды. Жұмыс тобының қатысушылары Одақ нарығындағы темекінің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған бірінші кезектегі шаралар бойынша ұсыныстар енгізді, олар Одақ елдерінің уәкілетті органдарын тарта отырып, ЕЭК алаңында пысықталатын болады.
27 маусымның 2025
Руслан Давыдов: «Цифрландыру – кеден органдарының тиімді жұмыс істеуі үшін объективті қажеттілік»
Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов модератор болған «Еуразиялық экономикалық одақтағы кеден органдарының цифрлық трансформациясы» атты дөңгелек үстелде кеден органдарын цифрландырудың перспективалары талқыланды. ЕАЭО елдерінің кеден қызметтері басшыларының орынбасарлары дөңгелек үстел аясында тиімді және тұрақты ақпарат алмасуды қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы ортақ пікір білдіре отырып, кеден қызметіне цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Іскер қоғамдастық өкілдері көліктің әртүрлі түрлерімен халықаралық тасымалдарды цифрландыру тәжірибесі және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесі туралы, ғылыми топтар туралы, кеден органдарын цифрлық трансформациялау процесіне қатысу және цифрлық сәулет тұжырымдамасын жасау жөніндегі ұсыныстар туралы айтып берді. Руслан Давыдов дөңгелек үстелге қатысушыларды кедендік әкімшілендіруді және халықаралық логистиканы басқаруды жетілдіру бойынша цифрлық шешімдерді қалыптастыру бойынша ЕЭК алаңындағы жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.
26 маусымның 2025
Руслан Давыдов: «Кедендік шекарадағы өткізу пункттерін дамыту – Одақтың транзиттік әлеуетін кеңейтудің негізі»
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов Еуразиялық экономикалық форум аясында «ЕАЭО кедендік шекарасында өткізу пункттерін дамыту ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін кеңейтудің негізі» атты дөңгелек үстел өткізді. Оның айтуынша ЕАЭО елдерінің үкіметі алдында еуразиялық көлік-логистикалық маршруттар мен дәліздердің инфрақұрылымын жедел қарқынмен дамыту міндеті тұр. Бұл ретте «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударылады. Өткізу пункттері халықаралық көлік дәліздерінің негізгі элементі болып табылады, көп жағдайда олардың өткізу қабілеттілігін анықтайды. «Өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жаңғырту, серпінді технологияларды, интеграцияланған ақпараттық жүйелерді, заттар интернетін, үлкен деректерді және жасанды интеллект технологияларын енгізу кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарының жедел өтуі үшін жағдайларды қамтамасыз етеді, Одақтың сыртқы саудасын дамытуға жәрдемдеседі», – деп атап өтті Руслан Давыдов. ЕЭК-тің осы бағыттағы негізгі міндеті өткізу пункттерінің инфрақұрылымына, сондай-ақ оның жекелеген элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды типтендіру, ЕАЭО-ның жалпы кедендік шекарасында өткізу пункттерін дамыту жөніндегі тараптардың күш-жігерін үйлестіру болып табылады. ЕАЭО-ға мүше елдердің кеден әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ бизнес көшбасшылары өткізу пункттерін жайластыру және жаңғырту саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, шекарадағы кеден органдарының жұмысына серпінді технологияларды енгізу жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстар туралы айтып берді.
Тағы да көрсету
Бағыт бойынша материалдар
18 қарашаның 2016
ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс»
2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.
09 қарашаның 2016
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусов «РУСАРМИНФО» сұрақтарына жауап берді және Арменияның Еуразиялық одақтың бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін бағалады
Арменияның ЕАЭО бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін қалай бағалайсыз? Дамудың қандай объективтік мүмкіндіктері бар?
29 қыркүйектің 2016
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Карине Минасянның «Голос Армении» газетіндегі: Интеграцияға толық кірікпеу жағдайында» атты сұхбаты
ЕАЭО елдері ішкі нарықтарының тосқауылдарсыз, алып қоюларсыз және шектеулерсіз жұмыс істеуі соңғы кездері, әсіресе одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияны (ЕЭК) бұл бағыт бойынша белсенді әрекеттердің жеткілікті болмауы үшін жиі сын айтуы аясында жіті талқыланатын тақырып болды. Комиссияда нақ ішкі нарықтардың тосқауылдарсыз, алып қоюларсыз және шектеулерсіз жұмыс істеуіне жауап беретін ЕЭК Алқа мүшесі (министрі) Карине Минасянмен әңгіме барысында біз ЕЭК осындай кедергілерді жою жұмысында қандай істер тындырылғанын анықтауға тырыстық.
31 майдың 2016
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Мұқай Қадырқұловтың «РАКУРС» журналына берген сұхбаты: «СЭҚ қатысушыларға арналған оңайлатулар кедендік бақылаудың сапасына теріс әсерін тигізбеуі тиіс»
Мұқай Қадырқұлов 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) қызметіне кірісті. Жұмыстың негізгі бағыттары, басым міндеттер және ЕАЭО КК қабылдаудың перспективалары, тағы да басқа туралы «РАКУРС» журналынан оқыңыз.