1960 жылы 21 қыркүйекте Свердловск қаласында дүниеге келген.
1984 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын «Автоматика және электроника» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін КСРО Орта машина жасау министрлігі жүйесінің ғылыми-зерттеу мекемелерінде жұмыс істеді.
1993 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясын «Экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
1995 жылдан бастап дипломатиялық қызметте: Сан-Франциско қаласындағы (АҚШ) Ресей Федерациясы Бас консулдығының вице-консулы, Буэнос-Айрес қаласындағы (Аргентина) Ресейлік Халықаралық ғылыми және мәдени ынтымақтастық орталығының өкілдігі басшысының орынбасары.
2008 жылдан бастап кеден органдарында Ресей Федерациясы ФКҚ басшысының кеңесшісі, бас кеңесшісі, Кедендік ресімдеу және кедендік бақылауды ұйымдастыру Бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылдың наурыз айында Федералды кеден қызметі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2017 жылдың ақпан айында Федералды кеден қызметі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
2023 жылғы ақпаннан бастап 2024 жылғы мамырға дейінгі аралықта Федералды кеден қызметі басшысының уақытша міндетін атқарушысы.
2024 жылғы 12 қыркүйектен бастап ЕЭК-тің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі лауазымына тағайындалды.
Руслан Давыдов Дүниежүзілік кеден ұйымында (ДКҰ) Ресей Федерациясының мүддесін білдірді. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін – ДКҰ Кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің басшысы, 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін – ДКҰ Кеңесінің төрағасы, 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін – ДКҰ Кеңесінің вице-төрағасы болды.