тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Сауда
Слепнев Андрей
Александрович
Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаменті
Ішкі нарықты қорғау департаменті
Сауда саясаты департаменті
тақырыбы бойынша жаңалықтар «Сауда»
10 шілденің 2025
ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда туралы келіссөздерді аяқтады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Индонезия Республикасының экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Айрлангга Хартарто еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны жайында хабарлады. Тараптардың диалогы БКБ режимінде өтті. "Еуразиялық экономикалық одақ қарымды достас елдермен экономикалық әріптестік желісін дамытуды жалғастыруда. Ал Индонезияның БРИКС мүшесі әрі Оңтүстік Шығыс Азияның халқы 300 млн адамға жақындайтын ірі экономикасының бірі болып табылатыны белгілі", – деп атап өтті Андрей Слепнев. ЕЭК министрі әріптестің тарапынан Еуразиялық "бестік"мемлекеттерімен ынтымақтастыққа деген дәстүрлі қызығушылық бар екенін еске салды. Атап айтқанда, 2023 жылы II Еуразиялық экономикалық форум аясында Мәскеуде "ЕАЭО-Индонезия" ауқымды бизнес-диалогы болып өтті. "Баждардың төмендеуі абсолютті түрде ЕАЭО-ның Индонезиямен саудасының шамамен 3 миллиард долларына әсер етеді. Келісім күшіне енгеннен кейін таяудағы 3-5 жыл ішінде біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе артады деп санаймыз. Индонезияға ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп топтарының тауарлары бойынша жеткізілімдердің айтарлықтай өсуін күтеміз", — деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Андрей Слепневтің сөзінше, ЕАЭО Индонезия нарығында, мысалы, полимерлер, тыңайтқыштар, энергия тасымалдаушылар, карьерлік самосвалдар, құбырлар, металдар және түсті металдардан жасалған өнімдер сияқты позицияларға, электр және механикалық жабдықтардың кең номенклатурасына преференциялы қол жеткізе алады. Сөз бидай, ұн, құрғақ сүт, кондитерлік өнімдер, ірі қара малдың халал еті, құс жеткізу жайында да болып отыр. Келісім оған қол қойылғанға дейін мемлекетішілік келісудің тиісті рәсімдерінен өтуге тиіс.
08 шілденің 2025
ЕАЭО-дағы таңбалаудыңбіріздендірілген қағидалары қызыл және қара уылдырыққа, велосипедтерге, жағармайларға, антисептиктерге қолданылады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының ұсыныстарын қарап, тауарлардың бірқатар жаңа санатына қатысты цифрлық таңбалаудың жалпы қағидаларын белгілеу туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, сөзбекіренің және албырт балықтардың уылдырығы, велосипедтер мен велосипед жақтаулары, жағармайдың жекелеген түрлері, майлау материалдары және арнайы автомобиль сұйықтықтары, микробқа қарсы әсері бар косметикалық өнімдер, сондай-ақ дезинфекциялау құралдары туралы болып отыр. "Таңбаланатын тауарлар санын кеңейтутұтынушылардың өнімнің түпнұсқалығына көз жеткізуіне, сондай-ақзаңсыз айналымды азайту есебінен нарықтың адал қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін Одақтың жалпы таңбалау жүйесін дамытудыайғақтайды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол тауарлардың жаңа топтарын таңбалау бұрынғыдай біріздендірілген қағидалар бойынша жүргізілетінін атап көрсетті. Бұл ретте Комиссия Кеңесінің 2019 жылғышешімімен бекітілген ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделінің ережелері ескеріледі. Сөйтіп, таңбалау кодтарын өзара тану қамтамасыз етіледі, бұл тауарлардың Одақ аумағындағы айналысы кезінде оларды қайта таңбалау қажеттігін болдырмайды.
07 шілденің 2025
ЕАЭО жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды әкелу рәсімін оңайлатады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды, соның ішінде қазіргі заманғы магнитті-резонанстық томография жүйелерін әкелу рәсімін оңайлатуға бағытталған шешім қабылдады. Осы мақсатта ЕАЭО кедендік аумағына әкелу кезінде лицензия, қорытынды (рұқсат беру құжаты) немесе бірыңғай тізілімнен мәліметтер беру талап етілмейтін өнімнің радиожиілік белдеулерінің тізімі кеңейтілді. "Сәйкесті жүйелер көзбен шолу, орнату және пайдаланудың жоғары сапасы тұрғысынан бірқатар артықшылыққа ие. Олардың техникалық сипаттамалары электромагниттік бөгеуілдің пайда болуына әкелмейді", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Қабылданған шешім аталған тауарларды әкелу кезінде ұйымдардың қаржылық және уақыт шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
03 шілденің 2025
Андрей Слепнев ЕЭК-тегі Өзбекстан Республикасының өкілімен Өзбекстанның бастамалары бойынша жұмысты талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Өзбекстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ресми өкілі Фанил Кадировпен кездесу өткізді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2025 жылғы 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтқан бастамаларын пысықтау талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Мирзиеевтің негізгі ұсыныстарының бірі Өзбекстанды Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының жұмысына қосуға, сондай-ақ электрондық сауданы дамыту, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, саудаға цифрлық технологияларды енгізу аясында өзара іс-қимылдың жекелеген бағдарламаларын жасауға қатысты болды. «ЕЭК Еуразиялық экономикалық Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет ретінде Өзбекстан Республикасымен көпжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне маңызды мән береді. Өзбек тарапының практикалық ұсыныстары туралы қосымша ақпарат алғаннан кейін аталған мәселелер бойынша жұмысқа кірісуге дайынбыз», – деп атап өтті Андрей Слепнев.
Тағы да көрсету
Бағыт бойынша материалдар
18 қарашаның 2016
ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс»
2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.
09 қарашаның 2016
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусов «РУСАРМИНФО» сұрақтарына жауап берді және Арменияның Еуразиялық одақтың бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін бағалады
Арменияның ЕАЭО бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін қалай бағалайсыз? Дамудың қандай объективтік мүмкіндіктері бар?
29 қыркүйектің 2016
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Карине Минасянның «Голос Армении» газетіндегі: Интеграцияға толық кірікпеу жағдайында» атты сұхбаты
ЕАЭО елдері ішкі нарықтарының тосқауылдарсыз, алып қоюларсыз және шектеулерсіз жұмыс істеуі соңғы кездері, әсіресе одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияны (ЕЭК) бұл бағыт бойынша белсенді әрекеттердің жеткілікті болмауы үшін жиі сын айтуы аясында жіті талқыланатын тақырып болды. Комиссияда нақ ішкі нарықтардың тосқауылдарсыз, алып қоюларсыз және шектеулерсіз жұмыс істеуіне жауап беретін ЕЭК Алқа мүшесі (министрі) Карине Минасянмен әңгіме барысында біз ЕЭК осындай кедергілерді жою жұмысында қандай істер тындырылғанын анықтауға тырыстық.
11 шілденің 2016
ЕЭК-тің Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишинаның «Радио России», «Персона грата» бағдарламасына берген сұхбаты: Сауда- экономикалық ынтымақтастық және «Үлкен Еуразия» жобасы туралы
Еуразиялық экономикалық одақ жақында ғана құрылды, бірақ қазірдің өзінде, екі жыл ішінде яғни, нақ ағымдағы 2016 жылы көптеген сарапшылар осы интеграциялық бірлестіктің елеулі, бірақ объективті қиындықтарға тап болатынын жорамалдай бастады. Осы болжамдар орындалып жатыр ма? Еуразиялық экономикалық одақ беріктігі тексеруден өте ме? Егер өтсе, онда осы одақты құрған елдердің азаматтары осы экономикалық пайданы қай кезден бастап сезіне бастайды?