Сауда

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Сауда»

19 маусымның 2025 Комиссия ҚХР Коммерция министрлігімен ішкі нарықты қорғау шаралары мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытады Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің директоры Андрей Захаров ЕЭК пен ҚХР Коммерция министрлігі арасында демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шараларын қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігінің Қорғау шаралары және тергеп-тексеру бюросының басшысы Тао Пэнмен кездесу өткізді. Іс-шараға қатысушылар әлемдік сауданың өзгермелі жағдайында ішкі нарықты қорғау шараларының рөлін талқылады. Кездесу барысында туындаған мәселелерді сындарлы талқылау үшін тергеп-тексеру жүргізетін органдар деңгейінде де, бизнес деңгейінде де екіжақты байланысудың айрықша рөлі атап өтілді. "Комиссия ҚХР Коммерция министрлігімен транспаренттілік пен өзара мүдделерді есепке алу қағидаттарына негізделген ішкі нарықты қорғау шаралары мәселелері бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Ішкі нарықты қорғау департаменті ҚХР Коммерция министрлігінің Қорғау шаралары және тергеп-тексеру бюросымен диалогты одан әрі дамыту үшін ашық күйінде қала береді",– деп атап өтті Андрей Захаров. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Меморандум шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссия алаңында жұмыс істеу туралы уағдаласты.
17 маусымның 2025 ЕЭК Алқасы қол электр құралдарына арналған жиынтықтауыштың жекелеген түрлеріне қатысты бажды уақытша нөлге түсірді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы қол электр құралдарын өндіруге арналған жиынтықтауыштың жекелеген түрлеріне қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу баждарының ставкаларын кедендік құнның 0%-ы мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылдады (ЕАЭО СЭҚ ТН 8483 40 230 2, 8536 50 800 2 және 8545 20 000 1 кодтары). Баждарды уақытша нөлге түсіру 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. "Кедендік-тарифтік реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпорындары өндірген қол электр құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осындай өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, қолда бар өндірістік қуаттарды жүктеуге, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға және оның ассортиментін кеңейтуге, сондай-ақ салаға инвестициялар салу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Бұл ретте ол ЕАЭО-да қол электр құралдарының қажетті типтік мөлшердегі жиынтықтауыштары өндірілмейтінін атап көрсетті. Қажетті өзгерістер Комиссияның басқа актілеріне де енгізілетін болады. Көрсетілген тауарларға қатысты баждардың нөлдік ставкалары 2020 жылғы 5 маусымнан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 30 маусымға дейін қолданылды. Бұл ЕАЭО елдерінде электр құралдарын дайындау бойынша өндірістік қуаттарды ұлғайтуға және ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға ықпал етті.  
16 маусымның 2025 Ваагн Казарян: "ЕАЭО-дағы процестерді цифрландыру қазіргі заманғы технологиялардың халықаралық саудаға ойдағыдай ықпалдасуының үлгісі бола алады" Бангкоктағы (Таиланд) БҰҰ Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) қолдауымен өткен "Еуразиялық экономикалық одақта және әріптес елдерде сауданы цифрландыру жүйесін қалыптастыру" сессиясында "Қағазсыз сауда апталығы — 2025" шеңберінде сөз сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян осылай деп мәлімдеді. "Цифрландыру қазіргі заманғы шындықтың іргелі бөлігі ретінде ЕАЭО экономикасының өсуін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі болып табылады", – деп атап өтті ЕЭК өкілі. Ваагн Казарянның сөзінше, ЕАЭО шеңберіндегі сауданы цифрландыру процесінің маңызды аспектілерінің қатарына шығарылған елінің электрондық сертификаттар жүйесін енгізу, электрондық сауда, цифрлық таңбалау, интеграцияланған ақпараттық жүйені дамыту, логистиканы цифрландыру жатады. ЕЭК департаментінің директоры қатысқан сессия шеңберінде ЕАЭО мен оның әріптес елдеріндегі сауданы цифрландырудың қазіргі заманғы процесінің жасанды интеллекті қоса, сыртқы сауда және логистикалық рәсімдерді цифрландыру, электрондық құжат айналымын ендіру, сыртқы саудадағы блокчейн және смарт-келісімшарттар, трансшекаралық электрондық сауда туралы заңнама, жаңа цифрлық сауданы реттеу орайлас тәсілдемелер сияқты түйінді аспектілері талқыланды. Сондай-ақ, іс-шара аясында Ваагн Казарян ЭСКАТО сауда, инвестициялар және инновациялар бөлімінің директоры Рупа Чандамен кездесті. Тараптар сауданы цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын бағалады, алдағы жұмыстың ықтимал бағыттарын талқылады. Бұдан басқа, "Қағазсыз сауда апталығы – 2025" шеңберінде Азия-Тынық мұхиты өңірінде трансшекаралық қағазсыз сауда рәсімдерін оңайлату туралы негіздемелік келісімді іске асыру бойынша негізгі жұмыс органдарының төртінші сессиясы болып өтті, онда Ваагн Казарян ЭСКАТО-ға мүше мемлекеттерді ЕАЭО-дағы сауданы цифрландыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар және ЕЭК пен ЭСКАТО Қағазсыз сауда жөніндегі кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары бойынша хабардар етті. "Қағазсыз сауда апталығы – 2025" өткізудің негізгі мақсаты жеткізу тізбегін цифрландыру саласындағы мемлекеттік және жеке сектордың ынтымақтастығын ынталандыру, сондай-ақ БҰҰ шартын және Азия-Тынық мұхиты аймағында трансшекаралық қағазсыз саудаға жәрдемдесу жөніндегі негіздемелік келісімді іске асыру бойынша бірлескен жұмыс барысында елдерді негізделген шешімдер қабылдау кезінде қолдау болып табылады.  
10 маусымның 2025 ҚХР-дан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж бес жылға ұзартылды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қытай Халық Республикасынан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баждың қолданысын қоса алғанда 2030 жылғы 9 маусымға дейін ұзартты. "Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдері прокат өндірушілерінің өтініштері негізінде, қолданыстағы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2024 жылғы 2 қыркүйекте бастаған демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қабылданды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Өтінішті "Магнитогорск металлургия комбинаты" ЖарАҚ, "Новолипецк металлургия комбинаты" ЖарАҚ және "Северсталь" ЖарАҚ берді. ҚХР-дан және Украинадан шыққан мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешіміне сәйкес белгіленген. ҚХР-дан шыққан прокатқа арналған баждың мөлшері өндірушісіне байланысты кедендік құнның 12,69%-ынан 17%-ға дейін, Украинадан шыққан прокатқа арналған баж мөлшері кедендік құнның 23,9%-ын құрайды. № 209 шешіммен сондай-ақ қытайлық бірқатар компанияның баға міндеттемелері мақұлданған. Шараны қолдану қайталап тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне орай ұзартылған болатын.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Сауда»

50
10.06.2025 Решение Коллегии ЕЭК № 50 О продлении действия антидемпинговой меры в отношении оцинкованного проката, происходящего из Китайской Народной Республики и Украины и ввозимого на таможенную территорию Евразийского экономического союза, и признании утратившим силу Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 ноября 2024 г. № 127
50
10.06.2025 Решение Коллегии ЕЭК № 50 О продлении действия антидемпинговой меры в отношении оцинкованного проката, происходящего из Китайской Народной Республики и Украины и ввозимого на таможенную территорию Евразийского экономического союза, и признании утратившим силу Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 ноября 2024 г. № 127
44
02.06.2025 Решение Совета ЕЭК № 44 О внесении изменений в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза и Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, а также в перечень чувствительных товаров, в отношении которых решение об изменении ставки ввозной таможенной пошлины принимается Советом Евразийской экономической комиссии, в отношении отдельных продуктов переработки плодов
44
02.06.2025 Решение Совета ЕЭК № 44 О внесении изменений в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза и Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, а также в перечень чувствительных товаров, в отношении которых решение об изменении ставки ввозной таможенной пошлины принимается Советом Евразийской экономической комиссии, в отношении отдельных продуктов переработки плодов
43
02.06.2025 Решение Совета ЕЭК № 43 Об установлении ставки ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в отношении белья постельного напечатанного прочего из хлопчатобумажной пряжи

Бағыт бойынша материалдар

18 қарашаның 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
0/0