Слепнев Андрей Александрович

Слепнев Андрей Александрович
Өмірбаян

1969 жылғы 13 қыркүйекте Ресей Федерациясының Нижегород облысындағы Бор қаласында туған.

Андрей Слепнев Лобачевский атындағы Нижегород мемлекеттік университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша және  М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын сақтандыру саласында бастап, бірнеше жыл ішінде жоба жетекшісінен Ресей автосақтандырушылар одағының бас директорына дейінгі қызмет жолынан өтті.

2003-2005 жылдары «Ресей Жұмыс берушілер бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі» одағы бас директорының орынбасары болып істеді.

2005-2007 жылдары – Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің Басымдықты ұлттық жобаларды сүйемелдеу департаментінің бастығы.

2007 жылы Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 2009 жылы Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылғы ақпаннан бастап 2016 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі болды.

2016 жылғы ақпаннан бастап 2018 жылғы сәуірге дейінгі аралықта Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының көмекшісі, Ресей Федерациясы Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары – Ресей Федерациясы Үкіметінің Жобалау қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды.

2018 жылғы мамырдан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін «Ресей экспорттық орталығы» АҚ бас директоры болды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2020 жылғы 3 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі болып тағайындалды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі болып қайтадан тағайындалды.