Татарицкий Валентин Болеславович

Татарицкий Валентин Болеславович

Өмірбаян

1963 жылы 21 сәуірде Минск облысының Столбцы ауданындағы Жданович ауылында дүниеге келген.

1986 жылы Минск радиотехникалық институтын «Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер» мамандығы бойынша бітірді.

1986 жылдан 1999 жылға дейін «Горизонт» Минск өндірістік бірлестігінің «Сенсор» зауытының және оның негізінде құрылған «Сигнал» микроэлектроника ғылыми-өндірістік кешенінің әртүрлі лауазымдық деңгейлерінің инженері болып жұмыс істеді.

1999 жылдан бастап «Руденск» ЖАҚ-та басқарушы лауазымында, ал 2009 жылы оның директоры болып тағайындалды. Сол жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару Академиясын «Экономика және өнеркәсіп кәсіпорнындарын басқару» мамандығы бойынша бітірді.

2015 жылдан 2019 жылға дейін Беларусь Республикасы Мемлекеттік стандарттау комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды.

2019 жылдан 2024 жылға дейін Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).

Техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сапа менеджменті саласында практикалық жұмыс тәжірибесі мол.

Метрология, стандарттау, сәйкестікті бағалау және сапа менеджменті саласындағы студенттер мен магистранттарды аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы бола отырып, Беларусь ұлттық техникалық университетінің білім беру қызметіне белсенді қатысты. 2023 жылы «Беларусь ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры» атағы берілді.

Метрология, стандарттау, сәйкестікті бағалау және сапа менеджменті мәселелері бойынша бірқатар мақалалардың авторы.

«Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, Еуразиялық экономикалық форумның Құрмет грамотасымен, Еуразиялық экономикалық комиссияның Құрмет грамотасымен марапатталған. «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» төсбелгісі берілген. Беларусь Республикасы Министрлер кеңесінің, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының, басқа да мемлекеттік басқару органдарының марапаттары берілген.


06 2024 ЕАЭО елдерінің бірыңғай фармацевтикалық нарығын құру. Пациенттер қандай пайда көреді? ЕАЭО-ға мүше елдерде ұлттық рәсімдер бойынша тіркелген барлық дәрі-дәрмектер Еуразиялық экономикалық одақ ережелерімен сәйкестендірілуі тиіс болатын өтпелі кезеңнің аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Ол 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады, ал әрі қарай нарықта Одақ талаптары бойынша тіркеу рәсімінен өткен дәрі-дәрмектер ғана қалады. Бұл процесс ауқымды әрі елдеріміздің денсаулық сақтау жүйелері мен пациенттері үшін өте маңызды, сондықтан мамандар мен сала қатысушыларын оның қалай жүріп жатқаны алаңдатады. «Қазақстанның фармацевтикалық шолуы» ақпараттық-талдамалық басылымының редакциясы қазіргі уақытта елдер бойынша тіркеу көрінісінің қандай болып жатқаны, өтінім берушілер мен реттеушілердің қандай қиындықтарға кезігетіні, дәрі-дәрмектерді тұтынушылардың қандай пайда көруі мүмкін екені туралы сұрақтармен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына жүгінді. Біздің сұрақтарымызға ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары МАМБЕТАЛИЕВА Чинара Мырзакматовна жауап берді.
18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0