Жаңалықтар

19.08.2022

25-26 тамызда Ыстықкөлде ТМД мен ЕАЭО-ның Жастар форумы өтеді

2022 жылғы 25-26 тамызда Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласында, «Рух Ордо» мәдени орталығында ТМД мен ЕАЭО-ның Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына орайластырылған «Келечек» («Болашақ») Жастар форумы болады. 

Форумға 200-ден астам делегат қатысады, бұлар – Еуразиялық экономикалық одақтың және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен келетін жас кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, жасампазшыл жастардың өкілдері, жас дипломаттар, студенттер. 

Форумның мақсаты – мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамыту және Еуразиялық интеграция идеяларын әйгілеу. Форум жастардың өзара іс-қимылын кеңейтуге, бастамаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға, жас ұрпақ өкілдерінің қоғамдық және кәсіби өзін-өзі танытуына бағытталған. 

Форумның түйінді іс-шарасы кәсіби жастардың ЕАЭО елдері үкіметтері басшыларының орынбасарларымен, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичпен және ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесу болады деп күтілуде. 

Жастар форумының спикерлері арасында – Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманкулов, ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев, Ресей-Қырғыз даму қоры басқармасының төрағасы Артём Новиков, Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Артур Мартиросян, Беларусь Республикасы Білім министрінің орынбасары Александр Кадлубай, Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Наталья Бочарова, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач, «Ресей тірегі» жалпыресейлік шағын және орта кәсіпкерлік қоғамдық ұйымының вице-президенті Эдуард Омаров, ҚР «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов, Еуразия халықтары ассамблеясының бас хатшысы Андрей Бельянинов, университеттердің ректорлары мен ЕАЭО елдері қоғамдық, іскерлік және жастар ұйымдарының басшылары бар.


 Бағдарламада жас кәсіпкерлер үшін тренингтер мен шеберлік сыныптарын және мынадай сессияларды өткізу көзделген:

 - «ТМД мен ЕАЭО-ның жас көшбасшылары. Жастардың кадрлық резервін қалыптастыру перспективалары»; 

- «ТМД, ЕАЭО және Иран – Еуразияда ынтымақтастықты дамыту парадигмалары»; 

- «ТМД-дағы халықаралық жастар ынтымақтастығы: жастар үшін перспективалар»;

- «ТМД мен ЕАЭО-дағы жастар кәсіпкерлігі үшін экономикалық интеграцияның мүмкіндіктері»; 

- «ТМД мен ЕАЭО-дағы жастар кәсіпкерлігін дамытудағы венчурлық инвесторлардың, бизнес-акселераторлардың және бизнес-періштелердің рөлі»; 

- «Жастар және инновациялар: ТМД мен ЕАЭО-ның технологиялық бұлқынысы үшін дағдылар, кәсіптер, инфрақұрылым»; 

- «ТМД мен ЕАЭО-ның жасампазшыл индустриясы – экономиканы дамытудың драйверлері, жастардың өсу нүктелері»; 

- «Еуразиялық жастарды біріктіретін идеялар»; 

- «Интеграцияның әлеуметтік-гуманитарлық өлшемі: ТМД жалпы ғылыми-білім беру кеңістігінің перспективалары».

 

Жастар форумының ақпараттық әріптестері: 

- «Кабар» Қырғыз ұлттық ақпараттық агенттігі (ҚҰАА) 

- SPUTNIK Қырғызстан ақпарат агенттігі мен радиосы 

- Қоғамдық телерадио хабарларын тарату корпорациясы (ҚТРК) 

- Бірінші радио 

- 24.kg 

- «МИР» МТРК 

- Армен-пресс АА 

- БелТА АА 

- «Хабар 24» телеарнасы 

- «Қазақпарат» ХАА

 

Жастар форумының архитектурасы