тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6831
11 қыркүйектің 2025
ЕЭК және ЕАЭО елдері УЭО институтын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізуде
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Қуат Рахимовтың басшылығымен 10 қыркүйекте Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет жанындағы бейінді жұмыс тобының отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы уәкілетті экономикалық оператор институтын (УЭО) жетілдіру талқыланды. Ресей Федерациясының тәуекел деңгейі төмен адамдардың санаты үшін алдын ала кедендік декларациялауды қолдануды жеңілдету жөніндегі бастамасы қаралды. Декларациялаудың осы ерекшелігін пайдалану кезінде бірқатар кедендік операцияны оңайлату және кеденнің артық хабарламаларынан бас тарту ұсынылады. Бұл өткізу пункттерінде кедендік бақылаудан өтуді жеделдетуге және бизнес шығындарын азайтуға көмектеседі. Резиденттің арнайы экономикалық аймақ шеңберінде УЭО мәртебесін қолдануы бойынша Қазақстан Республикасының ұсынысын қарау жалғастырылды. Бұл арада сөз екі мәртебенің болуы артықшылық әкелуі және резиденттерді УЭО бағдарламасына қосу туралы болып отыр. Сондай-ақ, операторларға кедендік әкелу бажын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қамтамасыз етусіз пайдалануға мүмкіндік беретін Армения Республикасының бастамасын іске асыру жөніндегі бұдан арғы қадамдар талқыланды. Бұл өнеркәсіптік өңдеу үшін және ауыл шаруашылығы қызметінде қолданылатын тауарлардың жекелеген санатына қатысты. Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО — белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде УЭО институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобы 2014 жылы құрылды. Ол Одақта уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.
11 қыркүйектің 2025
ЕЭК пен ШЫҰ энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
9 қыркүйекте Бейжіңде (ҚХР) Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхунмен жұмыс кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Арзыбек Кожошев Еуразиялық интеграцияның ЕАЭО және басқа да халықаралық бірлестіктер шеңберінде серпінді дамып келе жатқан процестеріндегі энергетиканың түйінді рөлін атап өтті. Министр сондай-ақ әңгімелесушіні ЕАЭО энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. 2021 жылғы 17 қыркүйектегі ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы меморандумға сәйкес бірлескен іс-шаралар жоспарының жобасы тараптардың келісуі сатысында, ол бекітілгеннен кейін бірлестіктердің жұмысы неғұрлым тығыз форматта жалғастырылатын болады. "Комиссия ШЫҰ Энергетикалық клубының қызметін мұқият қадағалайды. Жұмыстарыңыздың маңызды бағыты өзара байланысты энергетикалық және көлік-логистика инфрақұрылымын жаңғырту мен салуды қоса, энергетикалық жобаларды дамыту болып табылады. Газ бен мұнайды тасымалдау, сондай-ақ энергетикалық ресурстарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері де ШЫҰ басымдықтарының қатарына кіреді. Бұл, шын мәнінде, ЕАЭО энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру шеңберінде біз айналысатын нәрсеге өте жақын", – деп атап көрсетті Арзыбек Кожошев. Тараптар ЕАЭО мен ШЫҰ-ның энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға орайлас жаңа тәсілдемелерді әзірлеудегі, сондай-ақ жаңғыртылатын энергетиканы дамыту саласындағы өзара іс-қимылын ұйымдастыру перспективаларын талқылады. Бұдан басқа, ЕАЭО мен ШЫҰ-да көлік дәліздерін дамытуға айрықша мән берілетіні атап өтілді. Ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі өзара байланыстылықты дамыту және тиімді көлік дәліздерін құру болып табылады. "2024 жылдан бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Комиссия Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға кірісті. Сараптамалық бағалау бойынша, ЕАЭО-дағы транзиттік тасымалдар көлемінің шамамен 70%-ы Еуразиялық көлік дәліздерінің үлесіне тиеді", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. ЕЭК тиісті халықаралық ұйымдармен және бірлестіктермен, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қаржы институттарымен көлік және инфрақұрылым, мультимодальды тасымалдау және жүктерді контейнерлеу салаларын дамыту жөніндегі күш-жігерді үйлестіру тиімділігін арттыруды маңызды деп санайды. Кездесуде ЕАЭО – ШЫҰ форматында көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі іс-шараларға, форумдарға, конференцияларға, ШЫҰ мен Еуразиялық экономикалық комиссияның бейінді жұмыс органдарының отырыстарына өзара қатысу туралы ұсыныстар айтылды.
11 қыркүйектің 2025
Халықаралық ұйымдар ЕАЭО-ның әлемдік агроазық-түлік жүйесіндегі рөлін талқылады
11 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер осы тақырыптама бойынша өткен дөңгелек үстел барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің әлемдік агроазық-түлік жүйесіндегі жоғары рөлін атап өтті. ЕАЭО, ШЫҰ, ФАО, АҚИҰ, ТМД мемлекеттері мен Халықаралық астық кеңесінің өкілдері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық және өңірлік стратегияларды іске асыру бойынша тәжірибе ауысты. Халықаралық астық, қант саудасы мәселелері, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы, әлемдік азық-түлік нарығындағы құрылымдық өзгерістер басты назарда болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын сақтандырып қолдау шаралары, ЕАЭО елдері тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілетті агроазық-түлік тізбектеріне қатысу перспективалары қаралды. "Еуразиялық "бестік" елдері агроазық-түлік нарығын, соның ішінде АӨК-те цифрлық технологияларды реттеудің тиімді механизмдерін ендіру мәселелерінде белсенділікпен ілгері басып келеді", — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян. Оның сөзінше, Комиссия орнықты агроазық-түлік жүйелерін құру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін платформа болуға дайын. Іс-шараға ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы бас директорының орынбасары Хусрав Нозири, ФАО-ның Ресей Федерациясымен байланыс жөніндегі бөлімшесінің директоры Олег Кобяков, Халықаралық астық кеңесінің атқарушы директоры Арно Пети, ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының, АӨК саласындағы салалық одақтар мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
10 қыркүйектің 2025
Бақыт Сұлтанов: «ЕАЭО елдерінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,6 млн контрафактілік тауар анықталды»
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,6 млн контрафактілік тауар анықталды. Зияткерлік меншік саласында 1465 бұзушылық тіркелді. Бұл деректер ЕЭК Алқасы жанындағы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында ұсынылған ЕАЭО елдеріндегі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы құқық қолдану практикасының 2024 жылғы мониторингі туралы есепте көрсетілді. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов атап өткендей, жаппай сұранысқа ие тауарлар неғұрлым жиі қолдан жасалады. "Антирейтингтің басында күнделікті сұранысқа ие тауарлар: киім мен аяқ киім, тұрмыстық техника, автокөлік қосалқы бөлшектері, сондай-ақ парфюмерия мен косметика тұр. Нақ осы санаттар құқық бұзушылар үшін неғұрлым осал", — деп мәлімдеді ЕЭК министрі. Отырысқа қатысушылар ЕАЭО шеңберіндегі зияткерлік меншік саласындағы түйінді бастамаларды талқылады. Басты назарда болған — Интернет желісіндегі бұзушылықтардың жолын кесуге орайлас келісілген тәсілдемелерді әзірлеу, өнеркәсіптік меншік объектілерін тексеру үшін іздеу сервисін құру. Бұл шаралар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі жоспардың бір бөлігі болып табылады және бизнес пен тұтынушылар үшін қауіпсіз және ашық орта құруға бағытталған. Сондай-ақ ЗМ объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін іске қосу және тауар белгілері мен ЕАЭО тауарлары шығарылған жердің атауын тіркеу жүйесін енгізу талқыланды. Бұдан басқа, кеден органдары мен құқық иеленушілер арасында электрондық ақпарат ауысуды ұйымдастыру және ұжымдық негізде Авторлық және сабақтас құқықтарды басқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу мүмкіндігі қаралды. Құрамына қатысушы елдердің бейінді министрліктерінің басшылары мен бизнес өкілдері кіретін ЕЭК Алқасы жанындағы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Оның түйінді міндеті — ЕАЭО шеңберінде ЗМ қорғау саласында келісілген шешімдер әзірлеу.
10 қыркүйектің 2025
Валентин Татарицкий: "Тамақ өнімдеріне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастауға ықпал етеді"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий Сочиде өткен ЕАЭО Азық-түлік конгресі өңірлерінің III сүт форумында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы бірыңғай реттеу жүйесі, стандарттаудың рөлін күшейту қажеттігі, ортақ нарықты қауіпсіз емес өнімдерден қорғаудың маңыздылығы туралы айтып берді. "Тамақ өнімдеріне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастауға, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім өндіру жағдайын жасауға ықпал етеді", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Валентин Татарицкий ЕАЭО техникалық регламенттерінде сүт өнімдеріне, оны өндіру, таңбалау, өткізу процестеріне міндетті талаптарды белгілеу мәселесін жеке айтып өтті, оларға қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша енгізілген өзгерістер мен жаңа талаптар туралы хабарлады. ЕЭК министрінің сөзінше, бұл осындай тауарлардың Одақ аумағы бойынша еркін қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сауданың жаһандануы және онымен байланысты тәуекелдер жағдайында сүт өнімдерін қоса, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі Еуразиялық экономикалық одақта СФС шараларды әзірлеу және қолдану болып табылады. "СФС шаралар саласында құрылған бірыңғай нормативтік құқықтық базаны өзектілендіру жұмысы жүйелі негізде жалғасуда", – деп түйіндеді Валентин Татарицкий. Форумды Оңтүстік сүт одағы ұйымдастырды. Дәстүр бойынша, оның қатысушылары Ресей өңірлеріндегі сүт саласының және бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Форум барысында 11 қыркүйекте ЕЭК Техникалық реттеу блогы департаменттерінің қызметкерлері дөңгелек үстел шеңберінде сүтті мал шаруашылығы саласын жоспарлау кезінде азық-түлікті қадағалап отыру және ветеринариялық тәуекелдерді басқару жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауды ұйымдастырады.
08 қыркүйектің 2025
Максим Ермолович: «ЕЭК ҚХР-дың Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасымен практикалық диалогты жолға қойды"
8 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Қытай Халық Республикасының әділ бәсекелестік саясаты жөніндегі халықаралық форумның "Бірыңғай ұлттық нарық, болашақ үшін адал бәсекелестік – неғұрлым әділ және серпінді нарықтық орта құру" пленарлық сессиясында сөз сөйледі. ЕЭК министрі Комиссияның бәсекелестік саясатты қазіргі заманғы сыни шақырыстарға бейімдеу жөніндегі қызметі туралы хабардар етті және ҚХР-мен бәсекелестік саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атады. Бұл ретте ол ЕЭК ҚХР-дың Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасымен практикалық диалогты жолға қойғанын атап өтті. "Қытай Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттердің стратегиялық әріптесінің бірі болып табылады. Біздің әріптестігіміз практикалық өзара іс-қимылдың беріктігі мен тереңдігін сақтай келіп, өзгермелі шындыққа бейімделе отырып, серпінді дамып келеді. Соңғы жылдары біз заңнамалық жаңартпалар, құқық қолдану, бәсекелестікті адвокаттандыру мәселелері бойынша тәжірибе ауыса отырып, бәсекелестік саласындағы ынтымақтастығымызды нығайттық", – деп атап көрсетті Максим Ермолович. ЕЭК министрі секторлық зерттеулерді қоса, бәсекелестік жөніндегі блоктың бірқатар бастамасына жеке тоқталып, халықаралық ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өте келіп, бизнес-қоғамдастықпен, Одақ елдері мен байқаушы мемлекеттердің бәсекелестік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесімен бөлісті.
05 қыркүйектің 2025
Андрей Слепнев: "Еуразиялық экономикалық одақ – Үлкен Еуразиялық әріптестіктің маңызды буыны"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы Шығыс экономикалық форумы – 2025 шеңберінде "Үлкен Еуразиялық әріптестік: континенттің дамуының жаңа парадигмалары" сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. "Бүгін біз Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путин жариялаған Үлкен Еуразиялық әріптестік (ҮЕӘ) идеясы елеулі және өскелең қолдауға ие болып отыр деп тиянақтай аламыз. Біз мұны қазір, Еуразияның көптеген елі бастан кешіп жатқан жайсыз уақытта көріп отырмыз", – деді ол. Осыған байланысты ЕЭК Сауда жөніндегі министрі "бастаманы практика жүзінде толтыруды өмірдің өзі береді және бұл толтыру кеңейіп келеді"деп атап өтті. COVID-19 әсерінен маршруттарды әртараптандыру мен байланыстылықты күшейту қажет екенін бәрі де түсінген кезде логистика желісі бойынша байланысу күрт өсті. Андрей Слепневтің сөзінше, әртүрлі сыни шақырыс әсерінен қаржылық есептеудің қауіпсіздігін нығайту мен халықаралық сауданың орнықты даму форматтарын табу идеясы барған сайын түсіністікке ие бола түседі. "Еуразияның бес елін біріктіретін Еуразиялық экономикалық одаққа келетін болсақ, бұл әріптестіктің маңызды буындарының бірі. Бұл тұрғыда біз толығымен ҮЕӘ-нің идеологиясы мен рухындамыз. Біз толығырақ тоқталғымыз келетін практикалық құралдарды белсенді түрде дамытып жатырмыз", – деп атап көрсетті Андрей Слепнев. Осы тақырыпты дамыта отырып, ЕЭК министрі Комиссияның еркін сауда туралы келісімдер жөніндегі жұмысы жайында айтып өтті. Мұндай келісімдер тарифтерден аулақ болуға және белгілі бір мағынада кейбір елдер қорғап қалып отырған қарама-қарсы тәсілдемелерге жауап беруге мүмкіндік жасайды. Бұл жерде, Андрей Слепневтің пікірінше, тарифтік тосқауылдарды төмендету түріндегі "шлагбаумды көтеру" ғана емес, сонымен қатар жақсы жол картасын құру, бизнес үшін кооперация құруға көмектесе алатын жол салу да маңызды. "Бұл орайда сөз соның ішінде континенттің құрлықтағы байланысы туралы болып отыр, мұнда Көлік министрлері бір үстелге жиналып, көлік дәліздерінің тар жерлерін "тігу" мен цифрландыру туралы келіссөздер жүргізуі үшін кәсіби көпжақты диалог маңызды. Қаржы құралдарының, сондай-ақ тым жоғары тарифтерден кем түспейтін зиян келтіретін, саудадағы қуатты тосқауыл болып табылатын стандарттарға байланысты мәселелердің де маңыздылығы кем емес", – деп атап өтті ЕЭК министрі. Цифрландыру мен климаттық күн тәртібінің талқылауды және практикалық шешімдерін табудың соның ішінде ШЫҰ және БРИКС шеңберінде талап етілетін мәселелері жеке қозғалды. "Әріптестік – бұл бөлінудің болмауы. Біздің көшбасшыларымыз әріптестік рухында өзара іс-қимыл жасайды. Бірақ біз кәсіби деңгейдегі барлық кедергілерді жою үшін әлі де бірге жұмыс істеуіміз керек", – деп түйіндеді Андрей Слепнев.
05 қыркүйектің 2025
Руслан Давыдов: "Қиыр Шығыс ЕАЭО елдерінің көлік әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Шығыс экономикалық форумының "Ресейдің көлік егемендігін қамтамасыз етудегі Қиыр Шығыстың рөлі" сессиясында сөз сөйлеп, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталған жобалардың іске асырылу барысы туралы айтты. "Бірыңғай транзиттік жүйені ендіру, навигациялық пломбаларды қолдануды іске асыру, өткізу пункттерін жайластыру мен жарақтандыруға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, сондай-ақ электрондық сауданы реттеуді қалыптастыру – Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысының түйінді бағыттары", – деп атап өтті Руслан Давыдов. ЕЭК министрі Владивосток теңіз сауда портында жүргізуші кабинадан шықпай-ақ көлік құралы мен тауарлары бар контейнерді сканерлеуге мүмкіндік беретін портал типіндегі инспекциялық- тексеріп қарау кешені жұмыс істей бастағанын да айтып өтті. Оның сөзінше, мұндай технологиялар Еуразиялық "бестіктің" барлық еліндегі интеллектуалдық өткізу пункттерінің негізі болуға тиіс. Сессияға Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің, Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері де қатысты.
Тағы да көрсету