Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Комиссияның 2023 жылғы шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау (РӘБ) жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті қарады.
Орта есеппен шешімнің бір жобасына бизнестің 14-тен астам ұсынысы түседі. Бұл ЕАЭО елдері кәсіпкерлік қоғамдастығының РӘБ рәсіміне шынайы сұранысты болып отырғанын растайды.
"РӘБ туралы оң қорытындылардың үлесі 98% көрсеткішке жетті – бұл 2015 жылдан бергі мониторинг жүргізу кезеңіндегі неғұрлым жоғары деңгей, осының өзі Комиссияның реттеу белсенділігінің бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуға жалпы бағыттанушылығын растайды", – деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.
Есепте сондай-ақ ЕЭК қабылдаған шешімдерінің нақтылы әсерін бағалауды (НӘБ) енгізу үшін, сондай-ақ РӘБ-ті Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың жобаларына қолдану үшін нормативтік базаның дайындығы туралы ақпарат ұсынылды. Бұл рәсімдерді қолдану 2024 жылғы наурызда бастау алды.
РӘБ жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына енгізіледі, бұдан кейін Еуразиялық үкіметаралық кеңеске бекіту үшін ұсынылады.
Анықтама
РӘБ – ЕЭК шешімдері жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайына әсерін бағалау рәсімі. Оны жүргізу кезінде ЕАЭО елдері бизнесінің позициясы ескеріледі. РӘБ рәсімі екі кезеңнен тұрады: ағымдағы бағалау – ЕАЭО сайтында ЕЭК шешімінің жобасын ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күн болатын жария талқылау және қорытынды бағалау – ЕЭК-тің арнайы құрылған жұмыс тобының РӘБ туралы қорытынды дайындауы.