Жаңалықтар

26.02.2024 (Обновлено: 26.02.2024 17:51)

Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді

2024 жылы 26 ақпанда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті тақырыптары, соның ішінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, агроөнеркәсіп кешені, ортақ энергетикалық нарықтарды қалыптастыру, өзара саудадағы кедергілерді жою және т.б. мәселелер талқыланды.

Атап өткенде, Бақытжан Сағынтаев Комиссия қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесе отырып, ЕАЭО ортақ газ нарығы мен ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі келісімдердің жобаларын әзірлеп жатқанын атап өтті.

Көлік мәселелеріне қатысты ЕЭК Алқасының басшысы жаңа геоэкономикалық жағдайында көлік ағындарын қайта бағдарлауды ескере отырып, Комиссия 2024-2026 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеп жатқанын айтты.

Тараптар халықаралық автокөлік арқылы жүк тасымалдарын ырықтандыру үшін қажет көлік-логистикалық үдерістерді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Бақытжан Сағынтаев цифрлық көлік дәлізі экожүйесі жобасы аясында бақылау-өткізу бекеттерінен өту үдерісін жеделдетуге, жүк тасымалдаудың логистикалық үдерістерін оңтайландыруға, электронды халықаралық жүк құжатын пайдалануға мүмкіндік беретін қызметтер әзірленетінін айтты.

Сұхбат барысында әлемнің жетекші интеграциялық бірлестіктерімен өзара әрекеттесу, өзара саудадағы кедергілерді толығымен жою перспективалары, ЕАЭО аумағында навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, жүк тасымалының іске қосылуын қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелер бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу болды.

 Бақытжан Сағынтаев Минскіде Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Игорь Петришенкомен де келіссөз жүргізді.