Жаңалықтар

24.07.2024

Сергей Максимов ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры болып тағайындалды

Сергей Васильевич Максимов 1961 жылы Омбы қаласында туған.

КСРО ІІМ Омбы жоғары милиция мектебін, кейін сол оқу орнының адъюнктурасын және КСРО ІІМ Академиясының (Ресей Федерациясы) докторантурасын бітірген. Заң ғылымының докторы, профессор.

1983 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі аралықта құқық қорғау қызметінде болды. КСРО ІІМ Омбы жоғары милиция мектебінің қылмыстық құқық кафедрасының адъюнкті, ғылыми қызметкері және аға оқытушысы, КСРО ІІМ академиясының докторанты (Ресей ІІМ), Ресей ІІМ Мәскеу институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының, Ресей ІІМ Мәскеу университетінің криминология кафедрасының профессоры лауазымдарын атқарды.

2006 - 2018 жылдары - РҒА Мемлекет және құқық институтының жетекші ғылыми қызметкері және қылмыстық құқық, криминология және сот төрелігі проблемалары секторының меңгерушісі.

2008-2010 жылдары "Росздравнадзор"-дың Құқықтық қамтамасыз ету және лицензиялау басқармасының бастығы болды.

2010-2015 жылдары Ресей ФМҚ Құқықтық басқармасы бастығының орынбасары болып істеді.

2015-2016 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры болды.

2016-2024 жылдары Федералдық мнополияға қарсы қызмет басшысының көмекшісі және кеңесшісі болып істеді.

2015 жылдан бастап - РҒА Бәсекелестікті қорғау және дамыту проблемалары жөніндегі Ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары, 2016 жылдан бастап - «Ресей бәсекелестік құқығы және экономика» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, 2023 жылдан бастап - Ресей Заңгерлер қауымдастығының Зияткерлік меншік жөніндегі комииссиясы төрағасының орынбасары.

Бәсекелестік, әкімшілік және қылмыстық құқық бойынша 400-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстың авторы.

2024 жылғы 22 шілдеден бастап ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.