Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Беларусь Республикасының аумағына химия талшықтары мен жіптерінің өндірісі үшін әкелінетін жыл сайынғы көлемі 360 тоннадан аспайтын титан оксидін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік әкелу бажынан босатуға шешім қабылдады. Тарифтік жеңілдік импортталатын тауарлардың нысаналы мақсаты расталған кезде қолданылатын болады.
«Кедендік-тарифтік реттеу шарасын қабылдау қажеттігі белорус кәсіпорындары үшін қажетті титан оксиді құрамының бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өндірілмейтіндігіне байланысты», — деп шешімге түсіндірме берді ЕЭК сауда блогы.
Құжат ресми
жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.