Жаңалықтар

14.11.2022

ЕЭК пен Қазақстанның қор биржасы ортақ биржалық кеңістік қалыптастыруды талқылады

14 қарашада Алматыда Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қазақстан қор биржасының төрағасы Алина Алдамбергенмен кездесуі болып өтті.

Бақытжан Сағынтаев Комиссияның ЕАЭО елдерінің қаржылық реттеушілерімен бірлесіп, ортақ қаржы нарығын қалыптастыру саласындағы екі негіз қалаушы: Одақ елдерінің брокерлері мен дилерлеріне ұйымдастырылатын биржалық сауда-саттықтарға өзара рұқсат ету туралы және Одақ елдерінде ұйымдастырылатын сауда-саттықтарда бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысына трансшекаралық рұқсат ету туралы келісіммен жұргізіліп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, тараптар биржалық валюталық нарықтың ЕАЭО елдерінің ұлттық валюталарында есеп айырысуды арттыру мәселесіндегі рөлі мен мүмкіндіктерін талқылады.

Осы жылғы тамызда ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары ЕАЭО мемлекеттерінің өзара саудасында ұлттық валюталарды пайдалануды дамыту жөніндегі ұсынымды мақұлдады. Осы құжатпен Одақ мемлекеттерінің ұлттық валюталарын валюталық жұптардың биржалық сауда-саттығында тездетіп дамыту міндеті айқындалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасымен өзара іс-қимылды жалғастыруды уағдаласуға қол жеткізілді.