Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян 1 маусымда Ереванда өткен «Еуразиялық кеңістіктегі ресей-армян қатынастарын дамыту» конференциясында мәлімдеді.
Гоар Барсегян экономикалық және геосаяси қиындықтар бірлескен іс-әрекеттерде үлкен күш пен икемділікті, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және 2025-Стратегиясында белгіленген міндеттерді сөзсіз орындауды талап ететінін атап өтті.
«Көзделген уағдаластықтарды толық көлемде орындау істердің нақты жағдайы мен қодағы бар тәуекелдерді ескере отырып, Одақты одан әрі дамыту жөніндегі бағдарламалық құжатты әзірлеуге кірісуге мүмкіндік береді. Бұл мәселені жоғары дәрежеде шешуге Ресей Федерациясының ЕАЭО органдарына ағымдағы жылы төрағалық етуі ықпал ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті Гоар Барсегян.
Бүгінгі басымдықтарды таңдау және қабылданатын шешімдер еуразиялық экономикалық интеграциясының болашағын айқындайтын болады.
«Өзгермейтін басымдық, сондай-ақ Одақ елдерінің тұрақты және тепе-тең экономикалық өсуінің басты факторы ретінде адами капиталдың дамуы екенін көріп отырмыз. Әлеуметтік бағыттарды интеграциялық күн тәртібіне тарту экономикалық ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», — деп атап өтті Гоар Барсегян.
Комиссия өкілі интеграциялық процестердің қозғаушы күші ретіндегі сараптамалық, ғылыми және іскерлік қоғамдастықтардың өсіп келе жатқан рөліне және оларды ЕАЭО-ны одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге белсенді қосу қажеттігіне назар аударды.
«Азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қоғамдастықтардың еуразиялық интеграцияны дамыту үдерістеріне тартылуын арттыру – болашақта іске асырылатын Одақтың заманауи, тартымды және жайлы бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды бірлескен міндеттердің бірі», – деп қорытындылады Гоар Барсегян.
Іс-шара ЕАЭО халықаралық-құқықтық ынтымақтастық орталығының, «Интеграция және даму» зерттеу-талдау қоғамдық ұйымының және Еуразиялық сараптама клубының бастамасымен өтті.