Жаңалықтар

21.06.2022

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 20-21 маусымдағы отырысының қорытындылары


Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары 20-21 маусымда Минскіде (Беларусь Республикасы) көзбе-көз форматта өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында 16 мәселені қарады.
ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары өнімнің сезімтал түрлері бойынша бірыңғай нарықтың жұмыс істеу қағидаларын айқындады. ЕҮК өкімімен бекітілген индикативтік баланстар шеңберінде осындай тауарлардың өзара саудадағы еркін айналысы бекітілді.
            

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері ЕАЭО елдерінде көлік инфрақұрылымын құру және дамыту мәселелері жөніндегі баяндаманы тыңдады және Одақ мемлекеттерінің Үкіметтеріне ЕЭК-пен бірлесіп «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарындағы халықаралық көлік дәліздеріне кіретін Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

ЕАЭО елдерінің Үкімет басшыларына 2021 жылғы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі ұсынылды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес ЕАЭО мемлекеттерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімімен 21 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің 2021 жылғы жай-күйі туралы жылдық есебі мақұлданды.

Үкіметаралық кеңес мүшелеріне ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды іске асыру туралы баяндамасы ұсынылды.

ЕАЭО мемлекеттері тауарларды есепке алу жүйесін қолдана бастайды. Еуразиялық үкіметаралық кеңес тиісті өкім қабылдады.

  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 25-26 тамызда Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) болады.

Отырысқа ЕҮК Төрағасы, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Акылбек Жапаров, Армения Республикасының

 Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, сондай-ақ Куба Республикасының Премьер-министрі Марреро Крус, Куба Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Перес Бенитес, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің қаржы-экономикалық мәселелер және кедейшілікті қысқарту жөніндегі орынбасары - Экономикалық даму және кедейшілікті қысқарту министрі Джамшид Кучкаров қатысты.

Сондай-ақ ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович делегация басшыларымен бірге Минскідегі Жеңіс монументіне гүл қою рәсіміне қатысты.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар
- «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын реттеу шараларын іске асыруы жөніндегі негізгі тәсілдемелер туралы» өкім.

- «Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешімінің 2-тармағына өзгеріс енгізу туралы» шешім.

- «2021 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау жүргізу мониторингі туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның жыл сайынғы есебі туралы» өкім.

- «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптің басым және жоғары технологиялық салаларындағы кооперация және импортты алмастыру жөніндегі комиссия туралы» өкім.

- «2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабының 10-тармағында көзделген тауарларды есепке алу жүйесін қолдану туралы» өкім.

- «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы туралы» өкім.

- «Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021 жылғы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және олардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жылдық есебі туралы» өкім.

- «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесінің кандидатурасын ұсыну туралы» өкім (Сағынтаев).

- «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесінің кандидатурасын ұсыну туралы» өкім (Кожошев).

- «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшесінің кандидатурасын ұсыну туралы» өкім (Касымалиев).

- «Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын өткізу уақыты мен орны туралы» өкім.