Жаңалықтар

21.10.2022 (Обновлено: 28.10.2022 14:46)

2022 жылғы 20-21 қазандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 20-21 қазанда Ереванда (Армения Республикасы) көзбе-көз форматта болып өткен отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары 23 мәселені қарады.

ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері Одақтың қосымша қалыптастырылған бюджеттік қаражаттары есебінен өнеркәсіптік кооперацияны жеңілдікті қаржыландырудың көздері мен механизмі бойынша келісілген тәсілдемелерді тұжырымдады.

ЕҮК қорытындылары бойынша журналистер алдына шыққан ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович атап өткендей, өнеркәсіптік кооперация - бұл жай ғана шикізатты, жиынтықтауыштарды, аралық тауарларды өзара жеткізу емес, сөз бірлескен интерациялық жобалар туралы болып отыр.

"Бұл жағдаятта қаржыландыру көздері де белгіленген, олар осы жобаларды іске асыру мақсатында бизнес-қоғамдастық үшін айқындалатын кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялауға жіберілетін болады. Бұл іс жүзінде біздің интеграциямыздың жаңа беті. Комиссияның Үкіметтермен бірге белгілі бір сомаларды кооперациялық жобаларды қолдауға бағыттау мүмкіндігі болуы үшін бұл мәселе Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына шығарылады. Сөз ЕАЭО-да қалыптастырылатын демпингке қарсы және өзге қорғау баждарынан 10 пайыздық аударым туралы болып отыр. Жыл сайын бұл сома 190-нан 230 млн долл. дейін құрайды және осы аударымдардың 10%-ы түйінді ставкадан аспайтын пайыздық ставкаларды арзандату, субсидиялау есебінен жобаларды қолдауға бағытталуы мүмкін",- деп мәлімдеді Михаил Мясникович. 

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асырылған импорт алмастыру жөніндегі бірлескен жобалар туралы баяндаманы қарады. 2021-2022 жылдары ЕАЭО-да автоөнеркәсіп, станок жасау, электр техникасы және басқа бірқатар салаларда 25 жоба іске асырылды.

ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (ӨЫНБ) іске асырудың жыл сайынғы мониторингі және талдау нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес қабылдаған өкімге сәйкес ЕАЭО-ның мүдделі елдерінің компаниялары Мысыр Араб Республикасындағы Ресей өнеркәсіптік аймағына, жасалатын инфрақұрылым мен қалған жұмыс жағдайларын қоса, ресейлік бизнеспен тең жағдайларда қол жеткізе алады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО елдерінің Үкіметтерімен бірлесіп, климаттық күн тәртібі шеңберіндегі жол картасын орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Үкіметтерге аккредиттеу жөніндегі органдардың Өңірлік аккредиттеу ұйымына (ӨАҰ) қатысу мүмкіндігін қарауды және тараптардың уәкілетті органдарына оның құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі ұйымдастырушылық, қаржылық мәселелерді шешуіне көмек көрсетуді тапсырды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының өзара саудасында тауарларды көліктің теміржол және автомобиль түрлерімен тасымалдау кезінде электрондық навигациялық пломбаларды пайдалану жөнінде эксперимент жүргізуді тапсырды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 2023 жылғы 2-3 ақпанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) болады.

Отырысқа ЕҮК Төрағасы, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Акылбек Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович қатысты. ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттердің өкілдері тарапынан Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасының Премьер-министрі Мануэль Марреро Крус (бейнетілдесім форматында) қатысты.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар

- "Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жағдаят туралы" өкім.

 "Электрондық навигациялық пломбаларды қолдана отырып, Қырғыз Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтары арасында тауарларды көліктің теміржол және (немесе) автомобиль түрлерімен тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды пайдалануды тестілеу жөнінде эксперимент жүргізу туралы" өкім.

"Мысыр Араб Республикасындағы Суэц каналының Экономикалық аймағында Ресей өнеркәсіптік аймағының жұмыс істеуі туралы" өкім.

"Еуразиялық үкіметаралық кеңестің
"Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2027 жылға дейінгі нысаналы бағдарламасын бекіту туралы" шешімінің жобасы туралы" шешім.

- "2021 жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың жай-күйі туралы" өкім.

"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асырудың жыл сайынғы мониторингі және талдау нәтижелері туралы" өкім.

- "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында 2021 жылғы кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы" өкім.

"Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысын өткізу уақыты мен орны туралы" өкім.