Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында бейінді ведомстволардың өкілдері ЕАЭО-да бірыңғай көлік кеңістігін құру үшін цифрлық технологияларға көшуді талқылады. Отырыс 1 қарашада ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен өтті.
Қазақстан Республикасының өкілдері осы жылғы мамыр айында Қытай-Қазақстан-Өзбекстан (Оңтүстік көлік дәлізі) маршруты бойынша іске қосылған Орталық Азия өңіріндегі, Транскаспий маршруты мен Закавказье елдеріндегі жүк тасымалдарын оңайлату жөніндегі "Жіксіз транзит" жобасын таныстырды. Ол Қазақстан-Қытай шекарасындағы Алтынкөл теміржол өткізу пункті арқылы Қытайдан Орталық Азия мен Еуропа маршруттары бойынша теміржол көлігімен контейнерлік тасымалдарды автоматты режимде әкімшілендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ қатысуымен жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 тоқсанда жобаны Қытай-Қазақстан-Ресей-Беларусь (Солтүстік көлік дәлізі) маршруты бойынша іске қосу жоспарлануда. Отырысқа қатысушылар цифрлық платформаны әзірлеушілерге жобаны ЕАЭО шеңберіндегі автомобиль тасымалдарына ауқымдандыру мүмкіндігін бағалауды жүргізуге тілек білдірді.
Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар Комиссияның ЕАЭО елдерінің ЕАЭО туралы шарттың теміржол көлігі бөлігіндегі ережелерін іске асыруы туралы ақпаратын тыңдады. ЕАЭО елдерінің азаматтық авиация, инфрақұрылымдық даму саласындағы заңнамасын үндестіру, мүше мемлекеттердің халықаралық көлік дәліздері бойынша тасымалдар туралы көпжақты келісімдерге қатысуы, үшінші елдердің "бестік" елдерінің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға қатысу мүмкіндігі мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, Консультативтік комитет мүшелері ЕАЭО-да 2024-2026 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру бойынша жол картасын орындаудың маңыздылығын талқылады. ЕЭК министрі Үкімет басшыларының тапсырмасы бойынша мүше мемлекеттер мен Комиссияның келесі жылғы 1 ақпанға дейін жол картасының қосымша іс-шараларын келісуді өткізуі қажет екенін атап өтті.
Отырыста Комитет ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Уәкілетті органдары басшыларының кеңесі туралы ережеге өзгерістер жобасын мақұлдады.