Жаңалықтар

29.03.2024

Максим Ермолович: «Биржалық тауар нарықтарын дамыту ЕАЭО елдеріндегі экономикалық қатынастарды жақсартуды түбегейлі өзгертеді»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович бұл туралы Мәскеуде 28 наурызда жыл сайынғы "Биржалық тауар нарығы – 2024" халықаралық форумында мәлімдеді.

ЕЭК министрі атап көрсеткендей, биржалық сауданы дамыту тауар нарығында баға қалыптастырудың ашықтығын және нарық субъектілерінің сауда-саттыққа өзара қол жеткізуін қамтамасыз ету жолымен бәсекелестікке ықпал ететін жүйелі шара болып табылады.

Ол ЕЭК-тің қазіргі уақытта Одақ тауарларының ортақ биржалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасымен жұмыс істеп жатқанын, бұл айтарлықтай дәрежеде адал бәсекелестік негізінде баға қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, демек, экономика салаларының қаржылық нәтижелерін жақсартуға ықпал ететінін айтты.

Анықтама

Одақтың ортақ биржалық тауар нарығын қалыптастыру 2025-Стратегиясында көзделген.

Жыл сайынғы"Биржалық тауар нарығы" халықаралық форумы Мәскеуде 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның ұйымдастырушысы – Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы. Іс-шара тауар-шикізат салаларында сауда-саттықты дамытуға арналды.