Жаңалықтар

06.03.2023

Михаил Мясникович: «Біздің басымды мақсатымыз – кәсіпкерлермен ашық диалог және ЕАЭО-да бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау»

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович 6 наурызда Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер одағының (РӨКО) базасында өткен «Көкжиекті ілгерілету: жаңа жағдайдағы еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы және бизнестің рөлі» атты форумында еуразиялық бизнестің мүдделерін қамтамасыз ету және кәсіпкерлерді еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік базасын әзірлеуге тарту мехнизмдері туралы айтып берді.

ЕЭК алқасының төрағасы бизнес-қоғамдастықпен ашық диалогты дамытуды және ЕАЭО-да кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауды Еуразиялық экономикалық комиссияның басымды мақсаттарының бірі деп атады. Ол 2022 жылы Комиссия іскер топтармен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған 70-тен астам іс-шара, оның ішінде 19 кездесу өткізгенін еске салды. Оларды ұйымдастыруға РӨКО, Беларусь өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің конфедерациясы, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағы, Армения өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағы сияқты ұлттық бизнес-қоғамдастықтардың мүдделерін білдіретін жалдаушылар одақтары тікелей қатысты.

Михаил Мясниковичтің баяндауы бойынша, ЕЭК қабылдайтын шешімдер жобаларының интеграциялық реттеуші әсерін бағалау тәжірибесі өзін жақсы дәлелдеді, соның арқасында кәсіпкерлер осы құжаттарды әзірлеуге тартылуда. «2022 жылы бизнеске арналған 861 ұсыныстың жартысына жуығы ЕЭК алқасының құжаттарына тікелей енгізілді және Комиссия бұл жұмысты кеңейтуге ниетті», – деп атап өтті ол.

Михаил Мясниковичтің айтуынша, ЕАЭО елдері үкіметтерінің, бизнес пен комиссияның үйлесімді жұмысы жақсы нәтиже беруде. «Барлық жағынан күрделі болған 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 9%-дан аса артты, өнеркәсіптік өндіріс 2021 жылғы деңгейде сақталды, негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,3%-ға, құрылыс көлемі 5%-ға ұлғайды», — деп атап өтті ЕЭК алқасының басшысы.

Интеграцияны тереңдету бойынша жаңа өршіл міндеттерді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ресейдің Одақ органдарына төрағалық етуіне байланысты үндеуінде айтты. Осыған байланысты ЕЭК алқасының төрағасы іскер қоғамдастықты еуразиялық интеграцияны орта және ұзақ мерзімді болашақта тереңдете дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия бастаған жұмысқа қосылуға шақырды.

Михаил Мясникович бірлескен инвестициялық қызметті жандандыруға және ЕАЭО-да тұрақты технологиялық тәуелсіздікті қалыптастыруға ерекше назар аударды. «Біздің одақты жеткілікті кешенді дамыту мақсатында еуразиялық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша Комиссияның, ұлттық билік органдарының және бизнестің ымыраға келуін қамтамасыз ету аса маңызды деп санаймыз», — деп түйіндеді ЕЭК алқасының басшысы.

Іс-шара аясында РӨКО Президенті Александр Шохин Михаил Мясниковичті РӨКО құрмет белгісімен марапаттады.

Анықтама

«Көкжиекті ілгерілету: жаңа жағдайдағы еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы және бизнестің рөлі» атты интеграциялық форумды «Ресейлік бизнес апталығы» аясында РӨКО ұйымдастырды. Іс-шара жетекші ресейлік және еуразиялық компаниялар басшылығының, ЕАЭО Іскерлік кеңесі тараптарының, мемлекеттік билік органдарының және сараптамалық қоғамдастықтың қатысуымен аралас форматта өтуде.