Жаңалықтар

17.05.2023 (Обновлено: 19.05.2023 16:31)

Михаил Мясникович Бакуге жұмыс сапарымен келді

16-17 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Бакуге жұмыс сапарымен барды.

Михаил Мясникович «Ауылшаруашылығы» Caspian Agro 16-шы Әзірбайжан халықаралық көрмесінің және «Тамақ өнеркәсібі» InterFood Azerbaijan 28-ші Әзірбайжан халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. ЕЭК Алқасының басшысы әлемнің 31 елінен, оның ішінде Беларусь, Қазақстан және Ресейден келген 450-ден астам компания ұсынған негізгі көрме павильондарын қарап шықты.

Бакуге сапары аясында Михаил Мясниковичті Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев қабылдады. Кездесуде Әзірбайжанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауар айналымы мен сауда мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Әзірбайжан Республикасының экономика министрі Микаил Джаббаровпен, Әзірбайжан ауыл шаруашылығы министрі Меджнун Мамедовпен, Әзірбайжандағы Ресейдің Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Еуразиялық интеграция мүше мемлекеттердің орнықты экономикалық дамуы үшін берік негіз жасайды және халықтың өзара түсіністігін нығайтуға қызмет етеді», - деп атап өтті сапар барысында ЕЭК Алқасының төрағасы.