19 желтоқсанда Комиссия Алқасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ықтимал Еуразиялық туристік маршруттары географиясына талдау жүргізу нәтижелері жөніндегі баяндаманы қарады.
Туризм саласының мультипликативтік әсерін ескере келгенде, туристік маршруттар географиясын, соның ішінде ЕАЭО-ның байқаушы мемлекеттерінің туристік ресурстарын барып-көре отырып, әйгілеу мен кеңейту үшінші елдерден туристер ағынын ұлғайтуға ықпал ететін болады. Баяндамада атап өтілгендей, бұл - саланың серпінді дамуына негіз болады, отельдер мен қонақүйлерді, көлікті, ауыл шаруашылығын, медицинаны, туристік салаға инвестицияларды қоса, экономиканың туризммен ұштасатын салаларына қосымша серпім береді.
Баяндамада ұсынылған маршруттар туристік қызығушылықтың бастапқы объектілері болып табылады, олар маршрут карталарының жобаларын әзірлеу кезінде тірек нүктелеріне айналуы мүмкін. Бұдан әрі баяндаманың ережелері ЕАЭО шеңберінде Туризмді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.
Баяндама Комиссияның ресми сайтына орналастырылды.