Жаңалықтар

22.08.2024

Автомобиль жасауда өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің Еуразиялық экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендерін дамыту мониторингі және талдау бөлімі бастығының орынбасары Галина Мартинкевич ХV Халықаралық Мәскеу автомобиль форумында Еуразиялық экономикалық одақта автомобиль жасау саласындағы кооперациялық ынтымақтастықты дамытудың жаңа механизмдері туралы баяндама жасады.

"ЕАЭО-да автомобиль жасаудағы салааралық кооперация дайын өнім жеткізілімі, сондай-ақ Одақ аумағындағы құрастыру өндірістері үшін компоненттер мен олардың бөліктерін өндіру мен жеткізу бөлігіндегі жеткізілім арқылы жүзеге асырылады", — деп атап өткен Галина Мартинкевич өз сөзін "Бұл үшін мүше мемлекеттердің, соның ішінде үшінші елдердің өндірушілерінің қатысуымен, бірлескен жобаларды іске асыру бойынша қажетті құзыреттері мен ғылыми-технологиялық базасы бар" деп толықтырды.

Комиссия өкілі кооперацияның: дизельді қозғалтқыш жасау саласындағы бірлескен жобаларды (Минск мотор зауыты және Ярославль мотор зауыты), Көкшетаудағы "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ-ның бірлескен Қазақстан-Ресей жобасын пысықтау сияқты мысалдарын келтірді.

Электр көлік құралдарын өндіру және танымал ету бөлігіндегі ағымдағы әлемдік үрдістерді ескере отырып, Комиссияда "Еуразиялық электробус" жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, мүше мемлекеттердің аумағында автомобиль электр көлігі үшін зарядтау және сервистік инфрақұрылымның (объектілердің орналасқан жерін көрсете отырып) интерактивті картасы қалыптастырылады.

"Бұл жобаларға, соның ішінде оқшаулау деңгейін арттыру және автокомпоненттік базаны дамыту мақсатында басқа да мүдделі өндірушілер, қосыла алады", — деп атап өтті Галина Мартинкевич.

Оның сөзінше, мүше мемлекеттердің автомобиль жасау саласындағы таяу болашақтағы негізгі міндеттері құрастыру өндірістерін оқшаулауды арттыру, көлік құралдарының жаңа түрлерін шығаруды игеру, автокомпоненттер мен материалдар бағытын дамыту, электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын өндіру мен пайдалануды ынталандыру, ЕАЭО аумағында көлік құралдарының ұлттық брендтерін шығару болып табылады.

Галина Мартинкевич атап өткендей, бұл міндеттерді іске асыруға Еуразиялық экономикалық одақтағы кооперациялық өнеркәсіптік жобаларға қаржылай жәрдемдесудің жаңа механизмінің мүмкіндіктерін пайдалану ықпал ететін болады.