Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 18 ақпандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақта тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі 2025 жылға арналған ақпараттық жұмыстың "Тұтынушы – басты назарда: мүдделер теңгерімінен даулардың әділ шешілуіне қарай" деп аталатын тақырыбын бекітті. Ол ЕАЭО-ның ортақ нарығын дамыту кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Осы бағыт бойынша бірлескен қызметте Одақ елдері нарықтың барлық қатысушысы үшін әділ және қауіпсіз жағдайлар жасай отырып, бизнес пен қоғам мүдделерінің теңгеріміне ұмтылады.
Сондай-ақ, Комиссия Алқасы мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамаға шолу жүргізудің жалпы тәсілдемелерін мақұлдады. Мемлекеттерге сатып алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын, олардың экономикалық мүдделерін қорғауды, ақпаратқа қол жеткізуді, дауларды шешу механизмдерін қамтамасыз ету үшін тиісті нормативтік құжаттардың толықтығы мен тиімділігін зерттеу ұсынылды.
Қабылданған ұсынымдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық реттеу туралы объективті және жүйелендірілген ақпаратты қамтамасыз етуге бағытталған. Оларды қолданудың арқасында Одақ мемлекеттері қазіргі бар олқылықтарды анықтап, өз нормаларын нарықтағы өзгерістер мен қоғамның қажеттіліктеріне бейімдей алады.
Шолулардың нәтижелері азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған шешімдерді әзірлеу үшін бейінді Консультативтік комитеттің отырыстарында қаралатын болады.