2023 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде республикалық бюджет шығыстары кірістерінен асып түсті, бюджет тек Қырғызстанда профицитпен орындалды.
Қазақстан мен Ресейдегі бюджет дефицитінің негізгі бөлігі ұлттық (резервтік) қорлардың қаражаты есебінен жабылды.
Бюджет кірістері мен шығыстарының ең жоғары өсу қарқыны Қырғызстанда (тиісінше 132 % және 121 %) және Қазақстанда (тиісінше 120 % және 121 %) байқалды.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Мемлекеттік қаржы» бөлімінде берілген.