Жаңалықтар

05.09.2023

ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 1,8% өсті

2023 жылғы қаңтар-шілде айларында Еуразиялық экономикалық одақта барлық санаттағы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,8% өсті. Өсу Беларусьта, Қазақстанда және Ресейде байқалды.

Мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі: сойылған мал мен құс (тірі салмағында) 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4%, сүт 3,2%, жұмыртқа 1,6% артты.

Сойылған мал мен құс (тірі салмағында) және сүт өндірісі көлемінің өскені ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде (Армения бойынша деректерді есепке алмағанда) атап өтілді. Жұмыртқа өндірісінің барынша артуы Қырғызстанда, азаюы — Беларусьта байқалды.

Толығырақ статистикалық ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті бетіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі» бөлімінде берілген.