Жаңалықтар

05.03.2022

ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының ортақ нарығын дамыту перспективаларын талқылады

5 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян «ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының ортақ нарығын дамыту перспективалары» дөңгелек үстелін өткізді. Іс-шара Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Ауыл шаруашылығы министрліктері басшыларының, ғылыми және оқу мекемелері, бизнесі өкілдерінің қатысуымен жетекші Белорус мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясының Могилев облысындағы Горкидегі алаңында болып өтті.

«Агроөнеркәсіптік кешен ЕАЭО экономикасының стратегиялық салаларының бірі болып табылады. Одақ халқын сапалы және қауіпсіз өнімдермен іркіліссіз қамтамасыз ету мәселесі COVID-19 пандемиясы мен халықаралық нарықтардың тұрақсыздығы аясында әсіресе сезімтал болды. Осы сын-қатерлерге жауап ретінде Одақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жалпы қағидаттар мен тәсілдемелер бекітілді. Бұл азық-түлік нарығын тұрақтандырудың шынайы механизмдерін қалыптастыру, кепілді өзара жеткізілімдерді қамтамасыз ету, сондай-ақ ЕАЭО-ның аграрлық нарығындағы қазіргі бар тосқауылдар мен шектеулерді жою жөніндегі маңызды қадам»,- деп атап көрсетті Михаил Мясникович. 
ЕЭК Алқасының Төрағасы атап өткендей, агроөнеркәсіптік кешен жұмысының нәтижелері ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға ықпал етті. 2021 жылы бұл көрсеткіш 93% құрады. «Бестік» елдері өзіндік өндірісі есебінен астықты, шошқа етін, көкөніс пен картопты, өсімдік майларын, қантты және жұмыртқаны ішкі тұтынуды толық жауып отыр. Жемістер мен жидектердің жетпестігі ғана атап өтілуде. ЕАЭО-дағы өзін-өзі қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі қазір Беларусьта (94%). Ел азық-түлікпен өз халқын ғана қамтамасыз етіп отырған жоқ, сонымен қатар Одақтың ортақ аграрлық нарығына ет-сүт өнімдерін жеткізетін аса маңызды өнім беруші.

Осы ретте дөңгелек үстелге қатысушылар өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін Одаққа әлі де өндірістің жоғары технологиялық құралдарының айтарлықтай көлемі әкелінетінін атап көрсетті. 2021 жылы мұндай тауарлардың импортталуы 5 млрд доллардан асқан.

«Өткен жылы ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары осы саладағы одан әрі біріздендірудің 2026 жылға дейінгі бағыттарын айқындай отырып, бірыңғай тұқым нарығын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты. Одақта Тұқымдар айналысы туралы келісім қолданылады, ол импортқа тәуелділікті қысқартуға және өндірістің өзіндік құралдарымен қамтамасыз етілуді арттыруға мүмкіндік береді»,- деді Артак Камалян.
ЕЭК министрінің сөзінше, Одақта 2021 жылы 100 млн долл.жеткен тұқымдардың өзара саудасының өсу үрдісі байқалды. Сонымен бірге, тұқымдар бойынша, әсіресе қант қызылшасының, жүгерінің, майлы дақылдардың және т.б. тұқымдары бойынша импортқа тәуелділік әлі де жеткілікті жоғары деңгейде қалып отыр.

Алайда мүше мемлекеттердің селекционерлері мен тұқым өсірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру үшін ЕАЭО шеңберінде бұл саланы дамытуды үйлестіру де қажет. Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында тұқым шаруашылығындағы бірлескен шаралар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау көзделген.

«2021 жылдан бастап біз тұқым шаруашылығы бизнесі өкілдерімен тұрақты консультациялар өткізіп келеміз, сондай-ақ Одақ елдерінде тұқым нарығының ағымдағы жай-күйі бойынша зерттеулер дайындауға ғылыми топтар белсене қатысады деп сенеміз. Алдағы уақытта бұл мәселені біздің мемлекеттеріміздің тұқым шаруашылығын дамытуға көмектесетін шешімдер қабылдауы үшін ЕАЭО органдарының отырыстарында жүйелі қарап отыруды жоспарлаудамыз»,- деп түйіндеді ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.