Жаңалықтар

14.02.2024

ЕАЭО елдері ДСҰ министрлік конференциясы қарсаңында іс-әрекеттерді келісімге алды

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепневтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мәселелері жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының IV отырысы өтті.

«Жұмыс тобының қызметі өзекті тақырыптарды талқылауға және мүмкіндігінше позицияларды жақындастыруға бағытталған. Қазір біз осы айдың соңында Әбу-Дабиде өтетін министрлер конференциясының XIII сессиясы қарсаңында жиналдық. Біз үшін дәл қазір ДСҰ-ның барлық мүшелері қорытынды шешімдер мен декларацияны келісу бойынша белсенді пікірталастар жүргізіп, көпжақты келіссөздердің барысы туралы ақпарат алмасып, мемлекеттеріміздің алдағы ДСҰ министрлік конференциясының күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көзқарастарын тексеру маңызды. Әсіресе бұл ЕЭК пен біздің Одақтың құзыретіне тікелей байланысты мәселелер», – деп атап өтті министр. 

Кездесуге қатысушылар ДСҰ дауларын шешу жөніндегі органның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ДСҰ дауларын шешу жүйесін ашықтық, инклюзивтілік және транспаренттілік қағидаттары негізінде реформалау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу қажеттігі туралы хабарлады.

Сондай-ақ, тараптар ДСҰ-ның Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімдері негізінде төмен дамыған елдер санатынан шығарылатын елдер үшін «бірқалыпты» көшу тұжырымдамасын дамыту және іске асыру саласындағы күш-жігерін қолдайтындықтарын білдірді.

Теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің транзиті мен мүдделерін есепке алу мәселелерін, оның ішінде сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі ДСҰ Комитетінің транзиті жөніндегі арнайы сессиялары барысында талқылаудың маңыздылығына жалпы назар аударылды. ДСҰ-ның XIV Министрлік конференциясы өткізілетін күнге дейін деректерді электрондық беруге қатысты кедендік баждарды өндіріп алуға қолданылатын мораторий мерзімін ұзарту маңыздылығы атап өтілді.

«Барлық елдер Беларуссияның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі келіссөздер процесіне қолдау білдірді», – деді Андрей Слепнев.

Анықтама

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылы құрылған болатын. Жұмыс тобының құрамына ДСҰ-мен өзара іс-қимыл жасауға жауапты мемлекеттік органдар басшылығының өкілдері кіреді.