Жаңалықтар

16.11.2023 (Обновлено: 21.11.2023 09:33)

ЕАЭО елдері тұрақты өсу траекториясына шықты

15 қарашада Мәскеудегі "Президент-отель"-де өткен "Интеграция" Еуразиялық іскерлік форумының қатысушылары осындай қорытындыға келді. Форумның жалпы отырысы Үлкен Еуразиялық әріптестік пен озыңқы даму стратегиясына арналды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі, жалпы сессияның модераторы Сергей Глазьев қазіргі уақытта Комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларация жобасымен белсенді жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, ЕАЭО-ның жұмыс істеуі туралы баяндама дайындалуда, ол бірлестіктің бүкіл қызмет ету кезеңін қамтиды. Екі құжатты да желтоқсан айында мемлекет басшыларына ұсыну жоспарланып отыр.

"Біз жүргізген есептеулер интеграциялық нәтиже, әсіресе әріптестерімен тығыз интеграцияланған мемлекеттер үшін жеткілікті түрде жоғары екенін көрсетіп отыр. ЖІӨ-нің өсуіне интеграцияның барынша үлкен үлесін Беларусьтан, сондай-ақ айтарлықтай көрсеткіштерді Қырғызстан мен Армениядан көріп отырмыз. Қазақстан мен Ресейде нәтиже салыстырмалы түрде төмендеу, бірақ абсолютті түрде олар ешбір кем емес. Яғни, Еуразиялық экономикалық интеграция экономикалық белсенділіктің жоғары өсімін береді, бұл ретте өсу мүмкіндіктері орасан зор", - деп мәлімдеді Сергей Глазьев.  

Ол сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі өндірістік қуаттарды жүктеу 60%-дан сәл асатынына назар аударды, бұл өнім шығаруды ұлғайту мүмкіндігіне жол ашады. Бұдан басқа, оның бағалауы бойынша, ЕАЭО-да импортты алмастырудың зор әлеуеті бар. 

РФ Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач өз кезегінде ЕАЭО құрылған сәттен бастап өзара сауда екі есеге жуық, сыртқы әріптестермен 60% өскенін мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде ЕАЭО-дағы өзара сауда көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9% өсті және шамамен 4,5 трлн рубль құрады.

"2023 жылы ағымдағы жылдың тоғыз айында ЕАЭО жиынтық ЖІӨ-нің 3% тұрақты өсу траекториясына шыға алдық. Бұл ретте, Одақтың екі қатысушысы санкциялық қысымға ұшырағанына қарамастан, біздің жиынтық ЖІӨ 3% өсуде",- деді Дмитрий Вольвач.

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев ЕАЭО-ның энергетика мен көліктегі интеграциялық күн тәртібіне тоқталып, Одақтың энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтарын 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті. 

ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко ЕАЭО-да техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін құру ұлттық деңгейде реттеуге қайта оралу мүмкін болмайтын соңғы кезеңіне өтті деп мәлімдеді. Бірақ мемлекеттер деңгейінде ықпал ету құралдарын сақтау үрдістері интеграциялық мүмкіндіктерге нұқсан келтіре отырып, бұдан арғы қозғалысқа кедергі жасайды.

Қытай Халық Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Лю ЦинхуаЕуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын ұштастыру жөніндегі жұмысқа көзқарасымен бөлісті. "Ұштастыру мен ынтымақтастық тарихи даму барысына сәйкес келеді және елдердің мүдделерін бейнелейді", - деп атап көрсетті ол. 

Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының (РӨКО) вице-президенті Александр Мурычев ЕАЭО-да қабылданған өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру бағдарламасы бизнес үшін маңызды инновация екенін айтып, бағдарламаға шағын және орта бизнестің өкілдері көптеп қатыса алатынына үміт білдірді. 

"Біріккен көлік-логистика компаниясы – Еуразиялық теміржол альянсы" АҚ ("ЕРА БКЛК " АҚ) бас директоры Алексей Гром жүк тасымалының даму серпіні туралы айтып берді, ал Ресей Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары Елена Ягодкина транзиттік тасымалдарды оңайлату және жеделдету мәселелеріне тоқталды. 

Сондай-ақ, жалпы отырыста "Росстандарт" басшысы Антон Шалаев сөйлеп, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясаттың болмауы мәселесін көтерді, "ЛВО" ЖШҚ (Беларусь Республикасы) директоры Олег Кондратенко сөйледі және Ұлттық рейтинг агенттігінің бас директоры Татьяна Григорьева ЕАЭО елдері өңірінің деңгейінде орнықты даму күн тәртібін интеграциялауға тоқталды.

Анықтама

«Интеграция» Еуразиялық іскерлік форумы 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және өнеркәсіптік әрі экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО кеңістігінде және достас елдерде кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын дамытудың өзекті проблемалары мен перспективаларын талқылауға арналған халықаралық пікірсайыс алаңы болып табылады.