Жаңалықтар

20.02.2024

Қазақстанда ЕАЭО мемлекеттерінің азаматтарынан туристік жарна алу туралы талап жойылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 20 ақпандағы отырыста Қазақстан Республикасында туристік алым алу жөніндегі талапқа қатысты тосқауыл белгілері бар кедергіні жою туралы мәселені қарады.

2023 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерден, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің азаматтарынан туристік алым алу бойынша талаптар белгіленді. Комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді саралау әдіснамасына сәйкес мәселені қарау аясында осы талаптарда тосқауыл белгілері бар кедергілердің бар екені туралы қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының жедел жұмысының арқасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына өзгертулер енгізілді, оған сәйкес ЕАЭО мемлекеттерінің азаматтарынан туристік жарна алынбайды.

«Біз Одаққа мүше мемлекеттердің осындай шешімдерін ғана құптай аламыз, өйткені олар ЕАЭО ішкі нарықтарының одан әрі дамуы мен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл мысал біздің жұмысымызда белсенді қолданылатын медиативтік рәсімдердің тиімділігін растау болып табылады», – деп түсіндірді ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян.