Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян бұл туралы "Цифрландыру - балық өсіретін шаруашылықтардың тиімділігін қамтамасыз етудің қазігі заманғы тренді" халықаралық конференциясында мәлімдеді.
Конференцияда мемлекеттік билік органдарының, ғылыми және білім беру мекемелерінің, Еуразиялық экономикалық одақ, Израиль, Иран елдерінің салалық бизнес-бірлестіктерінің, ФАО халықаралық азық-түлік ұйымының, "Россельхозбанк"-тің, логистикалық және IT-компаниялардың өкілдері бас қосты. Армен Арутюнян Одақтың балық шаруашылығы кешеніндегі инвестициялық және технологиялық саясатты өндірістік-экономикалық және сауда қызметінің тиімділігін арттырудағы цифрландыру мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізу қажет екенін атап көрсетті.
ЕАЭО мемлекеттерінде акваөсіру өндірістің жоғары серпінін көрсетеді. Мәселен, соңғы бес жылда тұтастай Одақ бойынша бұл көрсеткіш 1,8 есе өсті, осы ретте Қырғызстан мен Қазақстан (тиісінше 10 және 4 есе), Ресей Федерациясы 1,7 есе ең көп өсім көрсетуде. "Бестік" елдері арасындағы балық және балық өнімдерімен өзара сауда көлемі 1,6 есе артты.
Бұдан басқа, ЕЭК Департаментінің директоры осы салада білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта ЕЭК-тің агроөнеркәсіп блогы Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, студенттерге индустриялық жағдайда балық өсіру бойынша бірлескен білім беру курсын ұйымдастыруда.
Іс-шара шеңберінде нарықта өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша қазіргі бар ұсыныстар, балық өсіру шаруашылықтарына арналған цифрлық және бағдарламалық сервистер, өнімді ілгерілету жөніндегі ақпараттық технологиялар ұсынылды, саланың жаһандық трендтердегі инвестициялық әлеуеті көрсетілді.
Анықтама
"Цифрландыру – балық өсіру шаруашылықтарының тиімділігін қамтамасыз етудің қазігі заманғы тренді" халықаралық конференциясын Комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің қатысуымен "Фогстрим" ЖШҚ компаниясы ұйымдастырды және ол ағымдағы жылғы 10 қарашада Мәскеудегі ХСО Конгресс-орталығында болып өтті.