Еуразиялық экономикалық одақта жасыл экономика бойынша алғашқы статистикалық жинақ 2024 жылы шығарылуы мүмкін Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің төрағалық етуімен 2 қазанда болып өткен Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің отырысына қатысушылар жасыл экономика статистикасын қалыптастыру және тарату мүмкіндіктері мен статистика саласындағы Еуразиялық интеграцияны дамытудың басқа да мәселелерін талқылады.
Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша мемлекеттермен келісілген 2024 жылға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті, сондай-ақ ЕЭК Статистикалық жұмыстар бағдарламасының жобасын, Одақ елдерінің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынатын статистикалық көрсеткіштердің тізбесі мен форматтарын мақұлдады.
Бұдан басқа, ЕАЭО ресми статистикалық ақпаратының сапа менджменті жүйесін түзу мәселелері қаралды. Сапа жөніндегі бірінші есепті 2024 жыл бойынша дайындау жоспарлануда.
Консультативтік комитет мүшелері ЕЭК Алқасының одан әрі қарауы үшін ЕАЭО ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасының өзектілендірілген редакциясын мақұлдады, ол "тұтыну бағаларының индексі" және "жүк тасымалдарына арналған тарифтер индексі" көрсеткіштерін қалыптастырудың жаңа әдістемелерімен, сондай-ақ "жұмыссыздық деңгейі" көрсеткішін қалыптастыру жөніндегі өзектілендірілген әдістемемен толықтырылған.
Отырысқа қатысушылар сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері арасындағы тауарлармен өзара сауда статистикасының 2022 жылғы "айналық" деректерін салыстыру қорытындыларын талқылап, "айналық" алшақтықтарды қысқартудың оң мысалдарын атап өтті. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, "айналық" салыстыруларды біріздендіру үшін ЕАЭО мемлекеттерінің өзара сауда статистикасының деректеріне салыстырмалы талдау жүргізу жөніндегі ұсыным мақұлданды.
Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің кезекті отырысын 2024 жылғы сәуірде Мәскеуде өткізу бағамдалып отыр.