Жаңалықтар

26.09.2022

ЕАЭО-да зияткерлік меншік саласындағы заманауи ақпараттық жүйелер жетілдіріледі

Бішкекте «Антиконтрафакт-2022» X халықаралық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастырған пікірсайыс сессиясы барысында зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландырудың перспективалары, тауарлар айналымын қадағалап отыру мен контрафактілік өнімді анықтау процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобалар, Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын бұзушылықты іздеу құралдары, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру процесін автоматтандыру мәселелері талқыланды.

ЕЭК Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ермек Қуантыровтың сөзінше, инновациялық бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасаудың түйінді қыры зияткерлік меншік объектілерінің өміршеңдік циклінің барлық кезеңінде цифрлық технологияларды ендіру болып табылады.

«Еуразиялық экономикалық комиссия әлемдік тәжірибеге және ЕАЭО мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйене келіп, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғаудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігін ескере отырып, зияткерлік меншік саласында Еуразиялық процестерді құрады», – деп атап өтті Ермек Қуантыров.

Пікірсайысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылатын зияткерлік меншік саласындағы ЕЭК жобалары жайында да ақпарат ұсынды.

«Жалпы Еуразиялық процестерді іске асыру кезінде бизнестің Комиссиямен және біздің елдеріміздің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылы рәсімдерін ақпараттандыру жөніндегі мүше мемлекеттердің таңдаулы практикасын барынша есепке алу міндеті қойылады», – деп атап көрсетті ЕЭК департаментінің директоры.

Анықтама

«Антиконтрафакт» халықаралық форумы – билік, бизнес, ғылым, құқық иеленушілер, өндірушілер, авторлар мен жұртшылық өкілдерінің сындарлы диалогына арналған ең ірі халықаралық алаң, онда контрафактілік өнімнің таралуына қарсы күрестің тиімділігін арттыру, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, бәрінен бұрын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі өркениетті нарығын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар талқыланады және тұжырымдалады.

Бішкектегі форумды Еуразиялық экономикалық комиссия, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті және «Антиконтрафакт» халықаралық қауымдастығы ұйымдастырды.

Форум Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 3 өкіміне сәйкес жыл сайын ротациялық негізде Еуразиялық үкіметаралық кеңесте төрағалық ететін елде өткізіледі.

2023 жылы «Антиконтрафакт-2023» XІ халықаралық форумы Ресей Федерациясында өтеді.