Жаңалықтар

09.12.2022 (Обновлено: 14.12.2022 16:04)

ЕАЭО-да кейіннен ырықтандыру үшін көрсетілетін қызметтер саласындағы басымдықты бағыттардың тізбесі бекітілді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес ырықтандыру жоспарларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын көрсетілетін қызметтер секторын (кіші секторларды) айқындау мақсатында көрсетілетін қызметтерді ырықтандыру үшін басым бағыттардың тізбесін бекітті.

Бұл тізбеге көрсетілетін қызметтің 117 түрі кірді. Олардың арасында - тоқыма бұйымдары, қағаз және одан жасалатын бұйымдар, негізгі металдар, автомобильдер, тіркемелер, көлік жабдығы, химикаттар мен химия өнімдері, пластмасса бұйымдары, құю өндірісі жөнінде көрсетілетін қызметтер, әртүрлі саладағы (құқық, қоршаған орта және басқалар) консультациялық көрсетілетін қызметтер және басқалар бар.

Анықтама

Көрсетілетін қызметтердің нақты секторларында бірыңғай көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастырудың тәртібі мен кезеңдері Жоғары кеңес бекітетін ырықтандыру жоспарларында айқындалады.

Тізбені Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1.3.1-тармағы бойынша жұмыс шеңберінде Жоғары кеңес бекітеді.