Жаңалықтар

09.02.2023

ЕЭК-те Еуропа мен Американың бизнес-қауымдастықтарының өкілдерімен трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік саласындағы жаңартпалар талқыланды

8 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың Еуропалық бизнес қауымдастығы мен Америка сауда палатасының Ресейдегі өкілдерімен кездесуі болып өтті.

Кездесудің түйінді тақырыптары — Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелестік саясатының мәселелері, сондай-ақ ЕАЭО-дан тыс жерде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілерді монополияға қарсы істер бойынша жауапкер ретінде тарту бөлігінде ЕЭК-тің құзыретін кеңейту жөніндегі жоспарлар болды.

Бақыт Сұлтановтың пікірінше, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік саясатының негізгі векторларының бірі — бизнестің бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу саласындағы құқықтарының нормалары туралы хабардарлығын арттыру болуға тиіс.

ЕЭК министрі кәсіпкерлермен диалогта айрықша рөл бәсекелесшіл сананы қалыптастыруға бөлінетінін атап өтті.

"Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың 80%-ға жуығы кәсіпкерлердің ұлтүсті бәсекелестік құқығының ерекшеліктерін білмеуінен болады", — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. 

Бұл ретте, ЕЭК бәсекелестік блогы басшысының сөзінше, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықты алдын ала ескертуге ықпал ететін маңызды құрал монополияға қарсы комплаенс болып табылады. Оны әзірлеу және ЕАЭО құқығына ендіру Комиссияның бәсекелестік блогының қысқа мерзімді перспективадағы басымдықты міндеттерінің бірі болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Комиссия сарапшыларының Еуропалық және Америкалық бизнес өкілдерімен шетелдік компаниялардың қатысуымен бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы істерді тергеп-тексеру жөніндегі шынайы кейстерді талқылай алатын кездесулер сериясын өткізуі туралы шешім қабылданды.