Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков жобаның 10 жылдығына орайластырылған 6 қыркүйектегі ғылыми конференция барысында Еуразиялық экономикалық одақтың даму жоспарларын Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштастыру жөніндегі жұмыс туралы айтып берді. Іс-шараны Қытай Халық Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ұйымдастырды.
Владимир Серпиков ұштастыру, ең алдымен, ЕАЭО мен ҚХР арасындағы 2018 жылғы 17 мамырдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді, сондай-ақ практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатынын атап өтті.
"ЕАЭО іске асырып жатқан "Еуразиялық агроэкспресс "және көлік дәліздерін цифрландыру сияқты жобалар өзара сауда көлемін ұлғайтуға, сауда рәсімдерін оңайлатуға, өңірішілік байланысты арттыруға," Бір белдеу, бір жол" бастамасымен тиімді ұштастыруға ықпал ететін болады", – деп сенім білдірді Владимир Серпиков.
Мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ресейлік және қытайлық бизнестің өкілдерін қоса, конференцияға қатысушылар бастаманы іске асыру нәтижелерін талқылады. Оған бүгінде 150-ге жуық ел қатысады. Өткен уақыт ішінде көптеген теңіз портын біріктірген алты көлік дәлізі құрылды, тиімді қаржы платформасы түзілді, миллиондаған жаңа жұмыс орны пайда болды.