Еревандағы Еуразиялық экономикалық форум алаңында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жетекші сарапшылары жиналған «Бірыңғай еңбек нарығы: даму перспективалары» атты тақырыптық сессия өтті.
Сессия жұмысына еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, бизнес-қауымдастықтардың, ЕАЭО мемлекеттерінің кәсіподақтарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар еңбек нарығының қажеттіліктерін болжау, кәсіби дағдыларды тану, трансшекаралық кәсіби даму, қоғамдық ұйымдардың рөлі, сондай-ақ еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау мәселелерін талқылады.
Сессияның модераторы Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов болды. Министр Одақтың құқығымен мемлекетаралық жұмысқа орналасу процесі жеңілдетілгенін және ЕАЭО-ға заңды және қауіпсіз еңбек көші-қоны үшін жағдайлар жасалғанын атап өтті.
«Одақтағы бірыңғай еңбек нарығы шеңберінде еңбекшілерді зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері шешілді, мемлекетаралық жұмысқа орналасу үшін пайдалы цифрлық сервистер құрылуда, педагогтардың, заңгерлердің білімі, ғылыми дәрежелері туралы құжаттарды тану мәселелерінде алып қою жойылды, болу еліндегі әкімшілік рәсімдерді оңайлату перспективалары талқылануда», – деп атап өтті ЕЭК министрі.
ЕАЭО ішіндегі еңбек көші-қонының орташа жылдық ағыны миллионға жуық адамды құрайды. Еңбек мигранттарының ең көп саны құрылыста (23% немесе 230 мың адам), көтерме және бөлшек саудада (15% немесе 150 мың адам), тауарларды тасымалдау мен сақтауда (8% немесе 80 мың адам), өңдеуші өндірісте (5% немесе 50 мың адам) және ауыл шаруашылығында (2% немесе 20 мың адам) жұмыс істейді.
«Сессияда айтылған барлық ұсыныстар мен бастамаларды мұқият пысықтауды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз - бірыңғай еңбек нарығының жұмыс істеуін жақсарту және Одақта еңбек көші-қоны үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау», - деп түйіндеді Бақыт Сұлтанов.