Жаңалықтар

17.03.2022

ЕАЭО елдерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттар «тікелей» танылатын болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім жобасын оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуге жіберу мақсатында мақұлдады.
«Келісім кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін еңбекшілердің мүше мемлекеттерде берілген ғылыми дәрежелер туралы құжаттарын өзара тікелей тануды көздейді»,- деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.
Бүгінгі таңда жұмысқа орналасу мемлекетінде ғылыми дәрежелерді тану үшін қиындығы мен ұзақтығы жағынан ЕАЭО елдерінде әртүрлі нострификация (тану) рәсімінен өту қажет.
Бұл ЕАЭО шеңберінде жоғары ғылыми біліктілікті қызметкерлердің жүріп-тұруын қиындатады.

Келісім жобасы жоғары білікті қызметкерлердің жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға және ЕАЭО мемлекеттерінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға бағытталған.