Жаңалықтар

02.02.2023 (Обновлено: 13.02.2023 09:19)

Варос Симонян: «ЕАЭО елдерінің ақпараттық өзара іс-қимылы жаңа деңгейге шығады»

2024 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдері арасында ақпараттық алмасу жүзеге асатын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестердің саны артады деп күтілуде. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян бұл туралы Одақ елдерінің бейінді министрлерінің қатысуымен Алматыда болған "Digital Almaty 2023": Жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік" цифрлық форумы аясында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

ЕЭК министрі мүше мемлекеттердің Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыруға тартылуы жоғары екенін, Комиссияның жәрдемдесуімен елдердің осы орайдағы техникалық дайындығы өсе түскенін атап көрсетті.

"Біз үшін 2023 жылдың қағидатты маңызы бар, өйткені біз елеулі міндетті шешуге — Одақта 50-ден астам жалпы процестің тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіспіз", — деп атап өтті Варос Симонян.

Оның сөзінше, 2024 жылға қарай ЕАЭО-да жалпы процесс санын 70-ке дейін арттыру күтілуде, олар бойынша одақтық елдер арасында ақпараттық алмасу жүзеге асырылатын болады. Комиссия әртүрлі бизнес-процесс шеңберінде G2G форматында ақпараттық алмасуды толық техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету міндетін өзінің алдына қойып отыр.

"Ағымдағы тактикалық міндеттермен бірге, соның ішінде 2027 жылға дейінгі Мақсатты бағдарламаны басшылыққа ала отырып, біз Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін цифрлық платформаға, яғни өзара іс-қимылдың неғұрлым заманауи әрі тиімді моделіне кезең-кезеңмен көшіруді қамтамасыз етеміз", — деп түйіндеді Варос Симонян.


Анықтама

ЕАЭО шеңберіндегі жалпы процестер – Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттармен және актілермен және мүше мемлекеттердің бірінің аумағында басталатын, ал екіншісінің аумағында аяқталатын (өзгертілетін) мүше мемлекеттердің заңнамасымен регламенттелген (белгіленген) операциялар мен рәсімдер.