Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаға енгізілген өзгерістерді қабылдады.
Бағдарламадан 42 позиция алынып тасталды, оның төртеуі – олардың өзекті емес екендігіне байланысты, 38-і бойынша тараптар бұрын тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірлеген болатын.
48 стандартты әзірлеу мерзімі ауыстырылды, бұл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық стандарттау жоспарларын өзектілендіруіне және жобаларды түзету қажеттігіне байланысты болды.
Бұдан басқа, Бағдарлама МемСТ әзірлеу бойынша, соның ішінде жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі ветеринариялық дәрілік заттардың (фармакологиялық белсенді заттар мен олардың метаболиттерінің) қалдық мөлшерін анықтау әдістеріне арналған 17 позициямен толықтырылды.
Бағдарламаға өзгерістер қабылдау туралы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.